Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мақат аудандық мешітінде дыбыс аппараты жаңартылды

   іslam-atyrau.kz/19 ақпан, 2020 жыл.   Мақат аудандық орталық мешіт іші жаңарған үстіне жаңаруда.

Естеріңізде болса бұған дейін құлшылық орнының кілемдері демеушілердің қолдауымен жаңарғанын қаперлеріңізге берген болатынбыз. Ал, бұл жолы жомарт жандар дыбыс аппараттарын алмастыруды жөн санапты. "Тарту етілген бұл құрылғылар соңғы үлгіде жабдықталған",-  дейді бас имам Біләл Сүннетқожаұлы.

azan-2

Сондай-ақ екі микрофон бағанымен қоса беріліп,  мешіттің ішіне 10 дана сыртқы бетіне 13 дана жаңа колонкалар орнатылған. Енді азанның үнін тіпті 402-ші бекеттің тұрғындары да анық естіп, әр кірген намаздың уақытын уақтылы біліп отыратын болады.

azan-3

Толығырақ ...

МҮФТИЯТТЫҢ АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ

    іslam-atyrau.kz/19 ақпан, 2020 жыл.  Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында мүфтияттың асханасы ашылып, пайдалануға берілді.

Шараға ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед Ахмед әл-Жабер мырза және Діни басқарманың бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Мүфтияттың асханасы БАӘ елшілігінің жәрдемімен жабдықталды. Асхананы қажетті құрылғылармен қамтамасыз етуге Әмірліктер тарапы қолдау көрсетті.

Елшіліктің қолдауын айрықша атап өткен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қазақ халқында: «Елдестірмек елшіден» деген нақыл сөз бар. Екі елдің байланысын арттыратын тұлға қашан да елші болған. Сіз өз тарапыңыздан біздің бастамаларымызға қолдау көрсетіп келесіз. Осы ретте Сізге және елшілік қызметкерлеріне өзімнің және Қазақстан мұсылмандары атынан алғыс білдіремін» дей келе Мұхаммед Ахмед әл-Жабер мырзаның иығына шапан жапты.

Өз кезегінде елші Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы бауырластық байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап, ризашылығын білдірді.

 

 
Толығырақ ...

БАС МҮФТИ ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

    іslam-atyrau.kz/19 ақпан, 2020 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Халық қаһарманы, Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаевпен кездесті.

Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтаған Б.Ертайұлы: «Талай жылдан бері дін қызметінде келе жатқан азаматсыз. Қайраткерлігіңіз, ұйымдастыру-үйлестіру сынды қабілетіңізбен елге танылдыңыз. Міне, Бас мүфти қызметіне сайландыңыз. Бәрі баянды болсын! Аллаға шүкір, дініміз дамып, жамағатымыз көбейіп келеді. Ендігі мақсат – дін ісіндегі шаруаны дөңгелетіп, тиянақты жұмыс істеу. Тәжірибеңіз бен біліміңізді елдің діни сауатын ашуға жұмсай беріңіз. Біз де осы елдің азаматы, ата дініміздің жанашыры ретінде әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз» деген ақжарма тілегін жеткізді.

Кездесуде жастарды жат ағымның теріс идеологиясынан сақтандыру, «Жеті рухани қазық» құжатында жазылған отаншылдық, әділдік, бірлік, білімділік сынды құндылықтарды халыққа кеңінен насихаттау қажеттігі сөз болды.

Халық қаһарманы Бас мүфтиге батасын беріп, иығына шапан жапты.

    

Толығырақ ...