Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды

  іslam-atyrau.kz/21 ақпан, 2020 жыл.  Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті бас мүфтиді жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Кездесу барысында елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, дін арқылы азаматтарды келісім мен ынтымаққа шақыру, рухани бағдар беру қажеттілігі мен жат діни ағымдардың зиянды әрекеттері жайында айтылды.

 – Халықты татулыққа, бірлікке, пәтуаға шақыру керек. Қазіргі уақытта дүние жүзінде әртүрлі жат үдерістер пайда болып жатыр. Сондықтан бұған тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Ел мүддесіне қызмет етіп, осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы ақпараттық және ұйымдастырушылық жұмыстары мен қайырымдылық шараларының жоспарын таныстырды. Басқарма жұмысы имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік және әділдік сияқты жеті рухани қазыққа негізделмек.



Толығырақ ...

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТҮРКІСТАНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

  іslam-atyrau.kz/21 ақпан, 2020 жыл. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласының әкімімен бірге жаңа нысандарды аралады.

Оның ішінде шаһардың Бекзат Саттарханов атындағы даңғылында тозығы жетіп, қайта салынғалы жатқан Хилует мешітінің құрылысымен танысты. Өйткені бұған дейін дәл осы орында XIX ғасырда салынған мешіт болған. Ескі құлшылық орны сүріліп, биыл жаңа мешіт бой көтермек.

Одан бөлек Өзбекстан республикасының Түркістан облысына сыйы ретінде салынып жатқан 5000 адам еркін сыятын мешіт құрылысын да бас мүфти көзбен көрді. Қала әкімі аталған нысандардың толық бақылауда екенін жеткізді. Өзбекстан тарапынан салынып жатқан құлшылық орны қаланың жаңа ауданында бой көтереді. Мұнан соң Рашид Абатұлы қалада басталған жаңа кешендердің де құрылысымен таныстырды.

Өз кезегінде бас мүфти Түркістан қаласының әкіміне ризашылығын білдіріп, түрленген Түркістанның бүгінгі келбетіне, рухани астананың күн санап даму деңгейіне жоғары бағасын берді. Осылайша алдағы уақытта әріптестік бағытта бірқатар жобаларды бірге жүзеге асыруға уағдаласты.

 
Толығырақ ...

БАС МҮФТИ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

 іslam-atyrau.kz/21 ақпан, 2020 жыл.  Түркістан облысында іссапармен жүрген ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы  қала әкімі Рашид Аюповпен бірге Қожа Ахмет Яссауи кесенесін зиярат етті.

ҚМДБ төрағасын Рашид Абатұлы өзі күтіп алып, кесенені бірге аралады. Кейін бабалар рухына Құран бағышталып, бата жасалды.

Толығырақ ...

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

  іslam-atyrau.kz/21 ақпан, 2020 жыл.  Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Отырар ауданына ат басын бұрды.

Бас мүфти Отырар ауданының әкімі Әбдіғали Жүнісовпен кездесіп, мүфтиятқа қатысты сауалдарға жауап берді. Аудан басшысы Бас мүфтиді қызметімен құттықтап, ортақ жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты. Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Арыстан баб кесенесіне арнайы зиярат жасады. Мұнда құрбандық шалынып, Құран оқылды.

Бұдан кейін Бас мүфтидің сапары Түркістан қаласында жалғасты. Ол жайлы алдағы уақытта хабарлаймыз.

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА БАРДЫ (ФОТО)

  іslam-atyrau.kz/21 ақпан, 2020 жыл.  Жұмыс сапарын Түркістан облысының Түлкібас ауданынан бастаған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әкімдіктің мәжіліс залында арнайы кездесу өткізді.

Жиынға Түлкібас ауданының аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков, жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағалары, мәслихат депутаттары, аудан ақсақалдары мен имамдар қатысты. Нұрбол Әбдісаттарұлы Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, табыс тіледі.

«Біз әрдайым ауданымыздың азаматтарымен мақтанамыз. Оларға қашан да тілектеспіз. Өзіңіз басқарып отырған Діни басқарма жұмысына табыс тілеймін» деп түйіндеді сөзін аудан әкімі.

Бас мүфти кездесуде өзінің балалық шағы, алғашқы еңбек жолын бастаған өлкеге ризашылығын жаудыра келе Алаштың ардақты азаматы Әлихан Бөкейханның «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана» деген ұлағатты сөзін тілге тиек етіп, бұқараны бірлікке шақырды. «Біз де дін өкілі ретінде тыныштық пен татулықты, ынтымық пен бірлікті насихаттауымыз қажет» деді Бас мүфти.

Бұдан кейін мінбеге көтерілген аудан ақсақалдары мен имамдар ұсыныстарын ортаға салып, ақжарма тілегін жеткізді. Кездесу соңында аудан әкімі жерлестері атынан Наурызбай қажы Тағанұлының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Толығырақ ...