Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір
Әкімшілік

Әкімшілік

Атырауда ерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті

 islam-atyrau.kz/25 желтоқсан, 2019 жыл.  Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне орай, орталық «Иманғали» мешітінің бастамасымен волейболдан жарыс өтті.

Ерлер арасында өткен волейболдан ашық турнирге он команда қатысты. Тартысты өткен бәсекеде «Биназар» командасы бірінші орын, «Кегок» командасы екінші орынды иеленді. Үшінші орынды орталық «Иманғали» мешіті қанжығаға байлады.

«Біздің мақсатымыз – салауатты өмір салтын насихаттау. Денсаулыққ жақсы қарап, Алланың берген нығметін күтіп пайдалану парыз» дейді турнирді ашқан орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Урумбаев.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Бас имам Қарттар үйіне барды

  islam-atyrau.kz/24 желтоқсан, 2019 жыл. Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қарттар үйіне барды.

Қартайған шағында тағдырдың тәлкегіне ұшыраған қамкөңіл жандармен кездескен Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы елдегі ахуал, дін мәселесі тақырыптарында уағыз айтты.

«Дінде проблема жоқ. Оны проблемаға айналдырып отырған өзіміз. Бүгінде дінімізді ділімізбен, ұлттық құндылықтарымызбен бірге насихаттау маңызды. Сонымен бірге, еліміздің бірлігі, мемлекетіміздің тұтастығы үшін дұғада болуымыз керек. Мемлекетіміз жетімін де, жесірін де жылатпай, әркез қамқорлығында ұстап келеді. Дініміздің дамуына да бар жағдай жасалуда» деп атап өтті ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы өз сөзінде.

  Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

1 ЖЫЛДА 14 847 СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІЛДІ (ФОТО)

   islam-atyrau.kz/24 желтоқсан, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары мен аймақтағы өкілдері 2019 жылы 14 847 сұраққа жауап берді.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлының мәлімдеуінше, жеке тұлғалар көкейдегі сауалын пошта, телефон, жеке кездесу арқылы қойған. Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы сауал жолдаған азаматтардың көтерген мәселесіне қатысты жауап жазылған. Сауал қоюшылардың басым бөлігі отбасы мәселесі бойынша кеңес сұраған.

«Қазір қала, облыс орталықтарындағы мешіттерде call center жұмыс істейді. Кез келген сұрақ бойынша мешіт имамы немесе пәтуа саласына жауапты мамандар жауап береді» дейді С.Құрбанұлы.

 

1 ЖЫЛДА 117 БАСПАНА БЕРІЛДІ (ФОТО)

   islam-atyrau.kz/23 желтоқсан, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» корпоративтік қорының ұйытқы болуымен 2019 жылы баспанаға аса мұқтаж отбасыларға үй берілді. Бұл «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында жүзеге асты.

«Жалпы республика бойынша 173 баспана әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілді. Тек осы жылы ғана 117 баспананың кілті табысталды. Жобаның мақсаты –  қор тізіміне тіркелген көпбалалы, мұқтаж отбасыға көпшіліктің көмегі арқылы пәтер сатып алып беру. Қайырымдылық жасауға мұрындық болу арқылы қор қызметінің бірізділігін көрсетіп, қоғамда зекет пен садақаның маңыздылығын насихаттауды қолға алдық. Ортақ мақсат бір-бірімізді игі шараға үгіттеп, ізгі іске үндейді. Бұл қолдау әрбір жанды жақсылыққа шақырып, қоғамда ерекше орынға ие болған әр азаматтың үлесін айқындайды. Осы ретте жобаға үлес қосқан барша азаматтарға Алланың жақсылығы жаусын дегім келеді» дейді ҚМДБ «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров.