«Иманғали» орталық мешітінде Елбасы Жолдауы талқыланды
9-ақпан күні «Иманғали» орталық мешітінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау мақсатында мешіттің ақсақал қарияларымен кездесу өтті.
Жиынды мешіт ұстазы, ҚМДБ-ның Атырау өкілдігі бойынша жастар ісі бөлімінің жетекшісі Арман Урумбаев жүргізіп, Елбасы Жолдауының ұлттық тарихымыздағы алатын орнына тоқталды. Мемлекет басшысының «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда ұстанып отырған сарабдал саясатын көпшілікке түсіндіріп, Жолдау бағыттарын атап көрсетті.
Сондай-ақ, Жолдаудың ел бірлігі мен ішкі тұрақтылығын сақтауда алар орны, тіл мен ділдің ұйытқысы болған асыл дінімізді өркендетуде атқаратын қызметі талқыға түсті.
Кездесу барысында қариялар Жолдауға қатысты толғамды пікірлерімен бөлісіп, өз ойларын айтты. Жиын соңында ел экономикасы, руханияты мен саясатын дамытуға бағытталған Жолдауға қолдау білдіріп, үн қосу, қоғамдық сана қалыптастыру ортақ міндет деген тұжырым жасалды.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі