Мүгедек жандарға қайырымдылық көмек жасалды
24-ші ақпан күні Исатай ауданының бас имамы Құрметқали Жұмағұлұлы 1,3 топтағы мүгедек жандарға қайырымдылық көмек көрсетті.
Атап айтсақ, Аққыстау селосының тұрғыны есту қабілеті жоқтығынан 3 топтағы Омаров Мейрамға және Өркен ауылының тұрғыны 1 топтағы зағип жан Нұрлыбек Идресовтердің отбасыларына қайырымдылық жасалды.
Бас имам қайырымдылық туралы уағыз айтты. Алла Тағала Құранда: «Жақсылық істеуде жарысыңдар» (Бақара, 148). «Жақсылық істеңдер. Соның есебінен тозақ азабынан құтыларсыңдар», – деген. (Хаж, 77). Алла Тағала өзінің разылығын іздеп, жасаған амалдарымызды сауаптан жазғай!
ҚМДБ-ның Атырау өңірі
бойынша баспасөз қызметі,
«Зинеден Құрасұлы» мешіті