Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Тасқала жастар ұйымы өкіл имамға "Алғыс хат" табыс етті

Наурыздың 29-ы күні Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылдық жастар ұйымының кезекті отырысы өтті. Келелі кеңеске ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы арнайы шақырылып, "Алғыс хатпен" марапатталды.

          "Тасқала жастары ұйымының белсенділеріне үнемі қолдау көрсетіп, игі бастамаларымыздың берекелі болуына ағалық қамқорлық танытып жүрген" деген мазмұнда Батыржан қажының атына жазылған "Алғыс хат" мешіттің наиб имамы, ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша Жалпы және жастар ісінің жетекшісі Арман Урумбаевқа табыс етілді.

          Шара барысында А.Урумбаев еріктілер тобынан құрылған жалындаған жастар ұйымына ризашылық сезімін білдіріп, қайырымдылық жасаудың мән-маңызы туралы уағыз айтты.

 

"Иманғали" орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Жоғарыға