Жас келсе іске...
Алла Тағалағаға сансыз мадақтар мен шүкірлер, Әз -Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) салауаттар мен сәлеметтер,бір-бірімізге ізет-құрмет болғай.Қазақ елі тәуелсіз ел атанып,Алланың аты ұлықталып,халқымыз хал-хадірлерінше дінге ден қоюда.Міне, осындай ұрымтал сәтті аса шеберлікпен һәм айламен өз пайда- ларына жаратуды ойлаған адасқан ағымдар елдің берекетін кетіруде.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі, оған қарасты мешітттердің имам-молдалары, Атырау облысы дін істері басқармасы да бар амалды жасап бағуда.Соның ішінде Атырау қаласындағы «Өнерпаз» үйінде орын тепкен белгілі ғалым-теолог Қанат Жұмағұлдың басқаруындағы «Шарағат» деструктифтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының теолог-мамандары да біраз іс тындыруда.
Жақында аталмыш Қоғамдық қордың қатары Жамбыл облысы, Масаншы елді- мекенде орналасқан «Абдуллаһ ибн Масғуд» атындағы діни медресені жеті жыл оқып келген жас маман Еламан Бегалиевпен толықты.Теолог Еламан Жасөмірұлы ең алғашқы уағыз - насихатын қасиетті Жұма күні Атырау қаласы, Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешітінде бастап, Аллаға, асыл дініміз Исламға деген «Ықылас» турасында тұщымды уағыз айтты.Мешіт имамы Мақсот Бағытжанов пен мешіттің жамағаттары жас теологқа ризашылықтарын білдіріп, алдағы істеріне де сәттілік тіледі. Алла Тағала Атырау мен Алтайдың арасын мекен еткен бейбіт, қонақжай, діндар халқымызды адасқан ағымдардың арбауынан арылтқай.Әумин!
ҚМБД-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі,
«Мәулімберген» мешітінің баспасөз қызметі.