Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау "Иманғали" орталық мешітіне жаңа кілемдер төселді

Бұған дейінгі жаңалықтарымызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен Атыраудың орталық «Иманғали» мешітінің күрделі жөндеуден өткендігі туралы хабарлаған болатынбыз. Енді міне, мешіттің орталық залы және әйелдер залына «жылы» еден жүргізу жұмысы аяқталып, жаңа кілемдер төселді.

Арнайы тапсырыспен Түркия елінен әкелінген кілемдер жалпы аумағы 700 шаршы метр болатын залға төселіп жатыр. Жүз пайыз табиғи қой жүнінен тоқылған кілемнің мінсіз қызмет ету мерзімі ең аз дегенде он бес жылға шақталған. Жылдам кірлемейтін, дымқыл аяқпен басқанда иістендірмейтін кілем 3100 грамм тығыздықпен тоқылған.

Бұған дейін мешіттің кілемдері соңғы рет 2007 жылы ғана ауыстырылған болатын.  

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға