Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Атыраулық меценат Төкен Жұмағұлов садақа жасауға арналған арнайы орын салып жатыр

Атыраулық меценат Төкен Жұмағұлов садақа жасауға арналған арнайы орын салып жатыр

    іslam-atyrau.kz/28 ақпан, 2020 жыл.   Бұл туралы бүгін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде «Жаназа және жерлеу рәсімдерінде ысырапқа жол бермеу» тақырыбымен өткен «дөңгелек үстел» барысында белгілі меценат, дін жанашыры Төкен Жұмағұлов хабарлады.

«Қазіргі уақытта садақаға арналған орын Атыраудың орталығынан салынып жатыр. Ол жерде дұға оқуға арналған арнайы орын, садақа жасауға арналған зал және намазхана болады. Қызмет ақысы да төмен, қолжетімді болады. Бұл жердегі мақсатым – табыс табу емес, халыққа қолдау білдіру. Сонымен бірге, болашақта Атыраудан мешіт тұрғызу да жоспарымда бар» деп атап өтті «дөңгелек үстел» барысында белгілі меценат, дін жанашыры Төкен Жұмағұлов.

Еске сала кетелік, бүгін Атырауда аймақ имамдары, ардагерлер және зиялы қауым өкілдері жаназа және жерлеу рәсімдері кезіндегі ысырапшылдықтан арылуға шақыратын Үндеу қабылдады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлы арнайы қатысқан алқалы жиынды Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жүргізді.

Қала, аудан имамдарының қатысуымен өткен мәжіліске Ұлы Отан соғысының ардагерлері Айдын Айбаров, Орынғали Қарасаев, мемлекет және қоғам қайраткері Есен Тасқынбаев, Атырау облысы соғыс және еңбек ардагерлері төрағасының орынбасары Серік Мұхамбетов, Атырау қалалық соғыс және еңбек ардагерлері төрағасы Әліпқали Бекеш, белгілі меценат, дін жанашыры Төкен Жұмағұлов құрметті қонақ ретінде шақырылды.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға