Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Бала білуі тиіс әдептер

Бала білуі тиіс әдептер

«Әдеп» арабтың ادب (әдәбун) сөзінен шыққан. Тілдік мағынасы: «көркем мінез, жүріс-тұрыс, тәрбие, сыпайылық» деген ұғымдарды қамтиды.

«Лисанул – араб» сөздігінде Ибн Манзур: «Адамдарды жақсы қасиеттерге үйретіп, жамандықтан тыйып, тәрбиелегендіктен «әдеп» деп аталған» - деп түсіндірген.

Бұл сөзге қатысты ғалымдар әр-түрлі анықтамалар айтқан. Сол сөздерді сараптай келе мынадай анықтама шығаруға болады. «Әдеп деген – сөзбен де, іспен де мақтауға лайықты болған амалдарды атқару. Басқаша айтқанда, көркем мінез-құлыққа ие болу, мақтауға лайықты істерге тұрақтау».

Қазақта «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала» - дейді. Баламыз кішкентайынан әдепті әдетке айналдырсын десек, төменде келетін бір қатар әдептерді үйретейік.

Ата-ана алдындағы әдептер:

1.     Ата-ананың сөздерін тыңдау;

2.     Әмірлеріне бойұсыну

3.     Алдарынан кесіп өтпеу;

4.     Екеуінің қасында дауыс көтеріп сөйлемеу немесе жарысып сөйлемеу;

5.     Рұқсатсыз үйден шықпау;

6.     Рұқсатсыз бөлмелеріне кірмеу.

Бауырларына қатысты әдептері:

1.     Үлкенге құрмет көрсету;

2.     Сөзін тыңдау;

3.     Кішіге мейірімділік таныту.

Дастархан әдебі:

1.     Дастарханға отырмас бұрын қолды үш рет жуу;

2.     Тамақ жеуді «бисмилламен» бастау;

3.     Оң қолмен және өз алдынан жеу;

4.     Үлкендердің бастағанын күту;

5.     Ойын-күлкіден сақтану.

6.     Дастарханнан тұрарда «Әлхамдулилла» деп ішкізген, жегізген Аллаға мақтау айту;

7.     Тамақтан кейін қолды және ауызды жуу.

Дәретхана әдебі:

1.     Дәретханаға кірерде дәретхана дұғасын оқу. Ол дұға былай айтылады:

«Ә'уузу билләәһи минәл – хубси уәл – хобәәис»

2.     Сол аяқпен кіру;

3.     Сол қолмен тазалану;

4.     Дәретхана ішінде сөйлемеу және көп отырмау;

5.     Оң аяқпен шығу;

6.     Шыққан кезде мына дұғаны айту: «Ғуфронәкә»

Үйге кіріп-шығу әдебі:

1.     «Бисмиллә» деп оң аяқпен кіру;

2.     Үйдегілерге сәлем беру;

3.     Шығарда «бисмиллә» деп сол аяқпен шығу және мына дұғаны оқу: «Тәуәккәлту ‘ала Аллаһ, ләә хәулә уә ләә қууәтә иллә билләһил – алиил – азиим»

Көше әдебі:

1.     Көшеде кездескен мұсылмандарға сәлем беру;

2.     Қоршаған ортаны ластамау, дәрет сыңдырмау;

3.     Қоғамдық орындарда (автобус, парктегі орындықтар) үлкендерге орын беру;

4.     Үлкендердің алдын кеспеу;

5.     Көмек сұрағанға көмек беру;

6.     Көзді харамдардан сақтау.

Дәрісхана, мектеп әдептері:

1.     Сыныпқа кіргенде сәлем беру;

2.     Ұстаздың алдында көп сөз сөйлемеу;

3.     Рұқсатсыз сөйлемеу;

4.     Ұстазға қарсы сөз сөйлемеу;

5.     Ұстаздың қателігін түзетпеу;

6.     Ұстаз сыныпқа кіргенде және шыққанда орнынан тұрып құрмет көрсету.

 Айдын СЕРІКБАЕВ,

Атырау қаласы «Құспан молла» мешітінің наиб имамы.

Жоғарыға