Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жастармен жүздесу болып өтті

Атырау өңіріне жұмыс сапары аясында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының наиб мүфтиі Алау Әділбаев орталық «Иманғали» мешітінің жастар жамағатымен жүздесті.

Кездесу барысында наиб мүфти Алау Әділбаев қоғамның дамуындағы жастардың ролі, ислам дініндегі жастар мен ғылымның маңызы туралы әңгімеледі. «Белгілі ғалым  Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға білімнен бұрын алдымен тәрбие керек» дейді. Қазақ халқында «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген де тәмсіл бар. Қалай десек те, тәрбие көрген адам оны алған біліммен ұштастыра отырып жүзеге асырса, жемісі мәуелі баққа айналады. Бұған қоса, тәрбиемен берілген білім адамның тұлға ретінде қалыптасуына да тікелей ықпал етеді» деген Алау Әділбаев жастарды бауырмалдылыққа, исламмен қатар, дүниелік ғылымдарды да игеруге шақырды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу