Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам "Ғафыр" сүресін түсіндірді

Бүгін Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің бас Имамы Батыржан Берденұлы тарауық намазына жиналған жамағатқа қари оқыған қасиетті Құран Кәрімнің "Ғафыр" сүресіне кеңінен тоқталып, қасиетті аяттардың мағынасын жамағатқа кеңінен түсіндірді. "Хәмәләй арш – Алланың жаратқан нәрселерінің ең үлкені Аршты тасушы 8 періштеге берілген есім. Бұлар жайында Ғафыр сүресінің 7-ші аятында былай дейді: «Періште көктің айналасында болады. Сондай-ақ, Раббыңның аршысын сегіз періште үстеріне көтереді[8]». Бұл сегіз періштеден басқа көптеген періштелер арштың айналасында болатындығы мына аятта айтылған: «Сондай ғаршыны көтерген және оның маңындағы періштелер, Раббыларын мақтаумен дәріптейді. Оған сенеді" Арштың айналасындағы періштелердің нақты санын Алла ғана біледі.Сонымен қатар бізге жеткен хадис бойынша, Арышты көтеріп тұрған періштелер шынайы тәубеге келген кісіге Алла оның күнәларын кешіп, тозақтың жалындаған отынан сақтауын, құлдың өзін және оны ізгі жолға түсіргендерді жәннатқа кіргізуін, осыдан кейін қателікке ұрынбауын Алладан жалбарынып сұрайды. Ал, Алла кімді сақтаса, онда ол рақымшылыққа лайықты болғаны және осы қорғаныш оның шынайы тәубесінің қабыл етілуіне әкеледі. Өйткені, Алла тағала Құран кәрімде: «Сондай Арышты (тақты) көтеріп тұрған және оның төңірегінде тұрғанның (періштелердің) барлығы Алланы дәріптеп, оған мадақ айтады, иман келтіреді. Иман келтіргендерге: «Раббымыз! Сенің рақымың мен ілімің барлық нәрсені қамтиды. Тәубе келтіргендерді, өз жолыңа түскендерді жарылқа, оларды тозақ отынан құтқар!» деп тілейтіндігін айтқан. Арышты көтерудегі мақсат – қорғау, ал басқаруға міндеттендірілген періштелер: Олар сап-сап болып, Алланың бірлігін, ұлықтығын баян етіп, дәріптей құлшылық ете отырып, мұсылмандар үшін: «Раббымыз! Оларды әрі аталарынан, жұбайларынан ұрпақтарынан кім түзу болса, оларды өзің уәде еткен Ғадын жәннаттарына кіргізе гөр. Күдіксіз сен өзің тым үстем аса данасың...».


Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу