Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Оның бейнесіндей бейне жоқ

Осы бір ғаламдағы адамдардың ішінде ең ардақты атқа ие болған – ол Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) Оның тұла бойы, бар бейнесі, ерекше суреттемесі біздердікіндей емес еді.

Ол барлық шендес ғасырларда таңғажайып тұлғасымен таңқалдырып келеді. Өйткені, Ол Ұлы Алла Тағаланың өзінен тікелей Нұрдың иесі атанды. Сондықтан, Оның бейнесіндей бейне әсте болмайды. Оған мына төмендегі санамалап берген мысалдарымыздан айқын көрінбекші.

1. Алла Елшісі(с.ғ.с.) адамдардың ішіндегі тұлғасымен де, бет-әлпетімен де ең әдемісі болатын, сондай-ақ оның бойы - тым биік те, тым аласа да емес, орташа болатын.

2. Алла Елшісі (с.ғ.с.) - ақ жүзді, әдемі еді.

3. Аль-Бараъ бин ъАзибтың жеткізуімен «Алланың Елшісі(с.ғ.с.) ол орта бойлы, кең иықты, сақалы қалың, жүзі албырт (қызғылт) болатын да, ал шаштары құлағының сырғалықтарына дейін жететін. Мен оны қызыл түсті киімде көрдім, сондай-ақ, ол секілді әдемі адамды көрген емес едім».

4. «Оның беті ай мен күнге ұқсас дөңгелек болатын».

5. «Алла Елшісі(с.ғ.с.) бір нәрсеге қуанғанда жүзі нұрлы ай секілді болып кететін, оның қуанғанын осылайша нұрланған жүзінен білетінбіз».

6. Абдулла бин Серджистің (р.а.) жеткізуімен: «Мен Алланың Елшісін(с.ғ.с.) көрдім, оған келіп тұратынмын және оның жегенін жеп, ішкенін ішкенмін, сондай-ақ мен оның сол иығындағы пайғамбарлық мөрін көрдім, ол бір жерге жиылған қалдар секілді болатын».

7. Жәбірбин Самурдың(р.а.) жеткізуімен: «Мен ол мөрді Алла Елшісінің(с.ғ.с.) екі жауырынның ортасынан көрдім. Ол көлемімен көгершіннің жұмыртқасы секілді қызғылт түсті бұлтқа ұқсайтын».

8. Әнәстің (р.а.) жеткізуімен: «Алланың Елшісінен(с.ғ.с.) нұр төгіліп тұратын, оның денесінен шыққан тер - маржандай болатын, жүргенде ол кішкене алдыға еңкейіп, салмақты жүретін, сондай-ақ мен оның қолының жұмсақтығындай не жібекті, не паршаны ұстаған емеспін және оның денесінен шыққан иістей жұпар иісті де еш нәрседен сезінген емеспін».

9. Айшаның (р.а.) жеткізуімен: «Алланың Елшісі(с.ғ.с.) аяқ киімін өзі жөндеп, киімін өзі тігетін және сендердің кез-келгенің қалай үй шаруасын істейтін болсаңдар, ол да солай үй шаруасын атқаратын. Сондай-ақ, Айша(р.а.) мына сөздерді айтты: «Алланың Елшісі(р.а.) басқа адамдар секілді болатын, киімін де өзі тігетін, қойды да сауатын және өзіне де өзі қарайтын».

10. Умм Маъбадтан жеткен ұзақ хадистің бөлігінде, Умм Маъбад (р.а.) Пайғамбарды(с.ғ.с.) былай суреттейді:

«Мен түсі нұрлы адам көрдім, оның түрінде әбігерлік пен ашынғандықтың белгісі болмады. Ол көрікті әрі сүйкімді болды. Оның кірпіктері сүрмемен боялғандай ұзын болды. Оның даусында құлаққа жақсы әсер беретін қырыл болды, мойны - ұзын, ақ сақалы - қалың, және қастары қосылған ұзын болды.

Ол үндемей тұрғанда, сенімді құрметпен тұратын, ал сөйлесе одан да тамаша болып кететін. Алыстан адамдардың ең әдемісі болып көрінетін, ал жақыннан - адамдардың ең жақсысы болатын. Ол әдемі сөйлейтін және сөздері тым қысқа да, тым ұзақ та болмай, анық болатын, ал сөздері жерге түскен маржандай болды. Бойы тым ұзын да, тым қысқа да болмады. Оның жол серігі екі адам болды, сонда ол үшеуінің ең әдемісі және ең құрметтісі болды. Оның серіктері оған құрмет көрсететін, егер ол сөйлесе мұқият тыңдайтын, егер ол оларға бір нәрсе әмір берсе, олар оны орындауға асығатын және ол ашулы да болмады және бос сөздерді де сөйлемеді».

Мұнархан АЛИМОВ,

 «Дина» ЖШС намазханасының молдасы.

 

 

 

 

 

Толығырақ ...

Ершат Оңғаров - наиб мүфти

    islam-atyrau.kz/22 қазан, 2019 жыл.  Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Ершат Оңғаров наиб мүфти қызметіне тағайындалды.

«Оңғаров Ершат Ағыбайұлы «Халықаралық қатынас және хаттама» бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылып, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігі төрағасының орынбасары, наиб мүфти болып тағайындалсын», – делінген бұйрық мәтінінде. Бүгін ҚМДБ Орталық аппаратының кезекті мәжілісінде Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мүфтият ұжымына бұл тағайындауға қатысты шешімін хабарлап, Ершат Ағыбайұлының діни саладағы еңбектері жайлы атап өтті. Өз кезегінде Е.Оңғаров ұжым алдында өзіне тапсырылған міндеттерді орындауға бар күш-қайратын жұмсайтынын жеткізді.

Мәжілісте сөз алған Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфтидің бұл шешімі ҚМДБ қызметіне серпін беретінін айрықша атап өтті.

 

Оңғаров Ершат Ағыбайұлы

1975 жылы 22 наурызда Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

1992 жылы Жайрем кентіндегі №10 орта мектепті бітірген.

1994 жылы 13 желтоқсанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) өткен байқау арқылы Египет Араб Республикасы (ЕАР), Каир қаласындағы әл-Азхар университетіне оқуға түсіп, 2000 жылы аталмыш университет жанындағы Ислам ғылыми зерттеулер институтын тәмәмдап, 2004 жылы әл-Әзхар университетін «уағыз-насихат» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесіне қол жеткізген.

2006 жылы ЕАР Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтында исламтану мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған.

2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарихында бірінші болып философия, мәдени антропология мамандықтары бойынша PhD доктор дәрежесін қорғады.

Еңбек жолы:

2007-2009 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында маман, бөлім бастығы, 2009-2011 Әл Фараби атын. ҚазҰУ-де аға оқытушы болып жұмыс iстедi.

2011-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Алматы қаласы Дін істері департаментінің директоры, Дін істері агенттігі Діни оқу орындармен байланыстар және дінтану сараптамасы басқармасының Бас сарапшысы болып қызмет атқарған.

2013 жылдың 27 ақпанынан бастап ҚМДБ "Уағыз-насихат және интернетпен жұмыс "бөлімінің меңгерушісі;

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚМДБ "Уағыз-насихат" бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

2017 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ "Халықаралық қатынастар және хаттама" бөлімінің меңгерішісі болып қызмет атқаруда

Үйленген, екі баласы бар.

Шығармалары:

«Мұхтасар тәжуид» қазақ және орыс тілінде (Құран оқу ережелері), Алматы – 2006

«Мухтасар тажуид» (Құран оқу ережелері, орыс тілінде), Алматы – 2008

«Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары» (монография). ҚР БҒМ, Алматы баспа үйлері, 2014

Құран – мағынасы мен түсініктемелері. «Алаш» тарихи-зерттеулер орталығы, Алматы – 2015 (аудармашылардың бірі)

«Дін – насихат» Ақпараттық-насихат тобына арналған әдістемелік құралы. ҚМДБ, Астана – 2015 (құраст. бірі)

Жұма уағызы-ІІ, ҚМДБ, Астана – 2015 (құраст. бірі)

Пәтуалар жинағы. ҚМДБ, Астана – 2016 (редактор)

Сборник фетв. ҚМДБ, Астана – 2015 (редактор)

Жұма уағызы-ІІІ, ҚМДБ, Астана – 2017 (құрастырушы)

Жаназа және жерлеу рәсімдері. ҚМДБ, Астана – 2017 (баспаға дайындаушы)

Дін мен дәстүр-ІІ (Тал бесіктен жер бесікке дейін). ҚМДБ, Астана – 2017 (баспаға дайындаушы)

Дін, мәдениет, руханиат салаларына арналған 60 ғылыми-танымдық мақалалардың авторы.











 

 

Толығырақ ...

Батыржан Мансұров ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

    islam-atyrau.kz/22 қазан, 2019 жыл. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Батыржан Мансұров ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Мансұров Батыржан Берденұлы Атырау облысы бойынша өкіл имамы және Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы қызметтерінен босатылып, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігіне «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын», – делінген бұйрық мәтінінде. Бүгін ҚМДБ Орталық аппаратының кезекті мәжілісінде Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Батыржан Берденұлын мүфтият ұжымына таныстырып, насихат жұмысына қатысты бірқатар мәселелерді атап өтті.

Мәжілісте сөз алған Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфтидің бұл шешімі ҚМДБ қызметіне, оның ішінде қоғаммен байланыс, ағарту жұмыстарына серпін беретінін тілге тиек етті.

Батыржан Берденұлы Мансұров

1995-2000 жылдары Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі Отырар атындағы университет) университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті және араб тілі» мамандығы бойынша оқыды.

1996-1997 жылдары Түркия Республикасы, Стамбұл қаласында «Йассауи» атындағы Құран курсында білімін жетілдіріп қайтты.

2000-2003 жылдар аралығында жоғарыдағы университеттің «Араб тілі және дінтану» факультетінде практикалық қазақ тілі пәні мен араб тілінің морфологиясы бойынша оқытушылық қызмет атқарды.

2003-2005 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін араб тілі, филология мамандығы бойынша магистр біліктілігі мен академиялық дәрежесін толық аяқтады.

2005-2006 жылдары осы университетте араб тілі пәні бойынша оқытушылық қызмет атқарды.

2006 жылы Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында араб тілі бойынша тіл дамыту курсында білімін жетілдіріп қайтты.

2006-2011 жылдар аралығында рухани-танымдық, діни, тарихи-мәдени «Рахмет Самалы» журналында бас редактор және «Хикмет» ЖШС баспа үйінің директоры қызметін атқарды.

2010-2013 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «филология» факультетінің докторантурасында оқып, РhD докторы ғылыми атағын алды.

2012 жылдың мамыр айынан бастап ҚМДБ-ның бұйрығымен Алматы қаласы «Таугүл-3» мешітінде наиб имам және Алматы облысы Шамалған медресесіне қарасты Талғар ауданы «Мұрат Төреқұл» атындағы қарилар дайындайтын дайындық бөлімінде директор болып жұмыс істеді.

Бірнеше мемлекеттік және ұйымдық марапаттар мен алғыс хаттарға ие. Діни төрт кітаптың авторы. Жүзге тарта діни-рухани мақалары жарыққа шыққан.

2013 жылдың қараша айынан бастап күні бүгінге дейін 6 жыл бойы Бас мүфтидің ҚМДБ-атырау облысы бойынша өкілі және Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы қызметін абыроймен атқарды.

Батыржан Берденұлы Мансұров сонымен қатар ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі болып саналады.

Отбасылы, 4 баланың әкесі.


 

Толығырақ ...

Елордадағы форумға 500 имам қатысады

   islam-atyrau.kz/22 қазан, 2019 жыл. Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында өтетін «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумына 500 дін қызметкері қатысады. 

Форумға мемлекеттік жоғары лауазымдағы тұлғалар, уәкілетті саладағы басшылар, депутаттар, еліміздің әр аймағынан келетін 500 имам қатысады. 

Республикалық шара барысында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы, ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі, ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі сынды құжаттар қабылданады. Сондай-ақ, форумға қатысушылардың Үндеуі оқылады. 

Айта кетейік, осымен үшінші рет өтетін республикалық имамдар форумы 2019 жылдың 23 қазанында Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас кеңсесінде өтеді. 

 

Толығырақ ...