Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мәулімберген мешітінде асар жалғасуда

   islam-atyrau.kz/27 қазан, 2019 жыл.  Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан "Мəулімберген" мешітінің имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен жүргізіліп жатқан мешітті кеңейту жұмыстары жалғасуда. 

Ерекше атап өтерлігі, əр апта сайын жамағат мешіт құрылысына асарлатып атсалысуда. 

"Бұл жолы асарға ауыл ақсақалдары атсалысып, жастар жамағатына керемет үлгі көрсетті. Асардан соң  əдеттегідей дастархан жайылды. Дастархан басында Тасқала ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрлан Сағынаев бастаған ауыл үлкендері  өзекті мəселелерді қозғады. Бұдан соң жастар үшін бірлік, қоғамның тұрақтылығы, бір мәзһабта болудың маңызы туралы уағыз айтылды" дейді "Мəулімберген" мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов. 

 

Еске сала кетелік, аталмыш мешітте жүргізіліп жатқан кеңейту жұмыстары жамағаттың сыйымдылығын арттырады деп күтілуде.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Исатай ауданында имам тағайындалды

   islam-atyrau.kz/27 қазан, 2019 жыл.   Исатай ауданы, Аққыстау ауылындағы Зинеден Құрасұлы мешітіне енді, бұған дейін осы мешіттің наиб имамы қызметінде болған Шалхар Дəулетханұлы жетекшілік етеді.

 

     Жаңа имамды жергілікті жамағатқа орталық "Иманғали" мешітінің наиб имамы Мұрат Ғазизов таныстырды.
     "Мешіттер  - құлшылық үйі, сонымен бірге тəрбие құралы. Асыл дінімізді, ділімізді, дəстүрімізді насихаттауда мешіттердің ролі зор" деген ұстаз Мұрат Ғазизов дін қызметкері Шалхар Дəулетханұлының тəжірибелі маман екендігін атап өтті.

   Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...