Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ АНКАРА САПАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕДІ

       islam-atyrau.kz/7 қазан, 2019 жыл. Түркия астанасы Анкара қаласында Дін істері басқармасында Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен алқалы жиын өтті.

 

Жиынға Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы, Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Басқосуда ҚМДБ қызметкерлерінің Түркияға ресми сапары, оның ішінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Түркия дін істері басқармасының төрағасы, профессор Әли Ербашпен кездесуінде сөз болған мәселелер талқыланды. Наурызбай қажы Тағанұлы екіжақты келіссөздердің жоғары деңгейде өткенін айрықша атап өтті. Бұл кездесу бауырлас елдердің байланысына серпін беретінін тілге тиек етті.

Айта кетсек, бүгінде Түркияда ҚМДБ-ның 47 дін қызметкері білімін шыңдауда. Бұл бағыттағы біліктілікті арттыру шарасы жалғасын таба бермек.

Жиын соңында Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ қызметкерлеріне бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді. Сонымен қатар, түркиялық әріптестерге бірлескен жобалар жайлы ұсыныс беру қажеттігін атап өтті.

 

 
Толығырақ ...

БАС МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ФОРУМ ҚҰЖАТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

     islam-atyrau.kz/7 қазан, 2019 жыл.  Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Елордада өтетін ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданатын бірқатар құжаттардың мәтіні талқыланды.

Алқалы жиынға ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, бөлім меңгерушілері мен мамандары қатысты.

Айта кетсек, форумда  төмендегі құжаттар қабылданады: 

1. ҚМДБ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ДІНИ ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ;
2. ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТҚАРАТЫН ДІНИ РӘСІМДЕР ТІЗІЛІМІ;
3. ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ «ЖЕТІ РУХАНИ ҚАЗЫҒЫ» ҰСТАНЫМЫ;
4. ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ;
5. ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫНЫҢ ҮНДЕУІ.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы республикалық шараның мәніне айрықша тоқталып, дайындық жұмыстарын ұдайы пысықтап отыруды тапсырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ ...

Мұсылмандардың ағымға бөліну себептері

        Ислам – 610 жылы адамзатқа жіберілген соңғы иләһи дін. Асыл дініміз бүгінге дейін өз болмысын жоғалтпады және жоғалтпайды да!

Дегенмен, өзге діндердегі секілді мұсылмандар да өзара түсінісе алмай, түрлі-түрлі ағымға бөлінді. Ислам дінінде мұндай ағымдар «мәзһаб» деп аталады.

«Мәзһаб» сөзі араб тіліндегі «зәһәбә» (бару) етістігінен шыққан, «жүрілген  жол», «баратын жер» деген мағынаны білдіреді. Терминдік мағынасы ислам дінінің сенім (ақида) мен фиқһ саласында бір ғалымның немесе бірнеше ғұламаның берген үкімін басшылыққа алып, оны қолдаушылар. Сондай-ақ, саяси бір бағыт ұстанып, Құран Кәрім мен Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетін түсінуде түрлі жолдарды  ұстанған ағымдарды «мәзһаб» яки «фирқа» деп атаған.

        Дінімізде «мәзһаб» немесе «фирқа» деп діннің негізін құрайтын ақида (сенім) мәселесінде өзгеше ұстаным танытқан тұлға мен оның артынан

ерушілерге немесе саяси топқа айтылады. Сонымен қатар, діни үкімдерге қатысты түрлі пәтуалар беруші топқа да мәзһаб, фирқа деп атаған. Мәселен,

харижиттер үлкен күнә істеген адамды кәпір деген. Шынтуайтында сол уақытқа дейін ешбір мұсылман тарапынан бұлай үкім берілмеген. Осындай

ұстанымдары үшін олар сол кезде жаңа бір ағым болып саналды. Яғни, мәзһаб (ағым) атауын алу үшін өзіндік ақидасы мен фиқһи (құқықтық)

ережелері болуы тиіс. Қайшы жағдайда ондай топтар жамағат деп аталады.

      Ал, «жамағат», «сопылық», «тариқат» деген атаулар мәзһаб атауына кірмейді. Өйткені жамағат дегеніміз, бір мәзһабты ұстанушылар ішінен исламды жаю, дінге қызмет ету мақсатында бір ұран мен идеяның төңірегінде топтасқан жандардан құрылған топ. Жамағаттың өздеріне тән ақидасы мен фиқһы

болмайды. Сол секілді сопылық пен тариқат та мәзһаб, яғни ағым қатарына жатқызылмайды. Олар да бір мәзһабтың ақидасы мен фиқһын ұстанаушылар.

Ислам дініндегі сенім (ақида), фиқһ, хадис саласын дұрыс түсіну мен түсіндіруде ғалымдар арасында айтарлықтай қайшы көзқарастар болмағанымен, кейбір мәселелерге қатысты әр ғалымның өзіндік пікір білдіргені шындық. Әрине, ғалым - мужтаһид кісінің әрбір пікірді дәлелге сүйеніп айтатындығы күмәнсіз. Дегенмен, бір ғалымның берген пәтуасына екінші бір ғалымның келіспеуі де мүмкін. Келіспеу деген сөз – қарсы шығу дегенді білдірмейді. Өйткені, әрбірінің өзіндік дәлелі мен діни үкім шығару тәсілі бар.

Қарапайым мұсылман ғалымдардың пәтуасын негізге ала отырып әрекет ететіндіктен, аймақтық ерекшеліктерге байланысты ғалымдардың берген пәтуаларына сәйкес оны жөн көріп, қолдаушылары да артқан. Сол ғалым яки мужтаһид имамның пікірі мен пәтуасын діни мәселеде қолдаушылардың ұстанған жолы бертін келе «мәзһаб» деп аталды. Бұл мәзһабтар кейде сол идеяның негізін салушы ғалымның есімімен аталса, кейде ұстанған діни, саяси бағыттарына сәйкестендіріліп, айдар тағылған.

Мысалы, фиқһи мәзһабтардан ханафи мәзһабы – Әбу Ханифаның, шафиғи мәзһабы – имам Шафиғидің, мәлики мәзһабы – имам Мәлик ибн Әнәстің атымен аталса, Хазіреті Алидің әскерлері арасынан (657 жылы) бөлініп шыққан топқа «бөлініп шығушылар» мағынасын білдіретін «хауариж» атауы берілген. Ал Хазіреті Алидің жанынан табылып, қолдау білдіргендерге «қолдаушы, жақтаушы» мағынасындағы «шиа» сөзіне орайластырып, «шииттер» деген

атау берілген.

Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбар мен әділетті халифалар тұсында мұсылмандар арасында ешқандай ағымға бөліну орын алмаған-ды. Өкінішке орай, түрлі себептердің салдарынан бертін келе мұсылмандардың ағымға бөліне бастағаны Ислам тарихынан мәлім. Аталған себептерді алғашқыда зерттеп қарағанда оның айтарлықтай маңызы болмағанымен, уақыт өте келе қордаланған мәселелер ұлғайып, іс насырға шапты. Нәтижесінде төртінші халифа – Хазіреті Алидің (656-661 ж.) халифалық кезеңіндегі саяси оқиғалардан кейін дініміздің тармаққа бөлінуі арта түсті.

Әсіресе, Умея әулеті билік құрған 661-750 жылдар аралығында саяси-әлеуметтік мәселелер мен басқару жүйесіндегі кемшіліктер еріксіз түрде ағымдардың санын арттырды. Сонымен қатар, Ислам діні тек арабтармен ғана шектеліп қоймай, өзге ұлт өкілдері арасында да кеңінен тарады. Мұсылман қауымы халифат билігіне қарасты жерлерде мекендеген түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінен құралғандықтан, бәрінің бірдей Ислам дінінің қағидаларын толыққанды

ұстануы мен түсінуі де мүмкін емес еді.

Қоғамда орын алған діни, саяси және әлеуметтік мәселелер мұсылмандардың ағымға бөлінуіне өзіндік әсерін тигізгені рас. Өкінішке орай, әр ғасырда түрлі атаулармен үлкенді-кішілі жаңа ағымдардың пайда болуы ХХ ғасырға дейін жалғасты. Әртүрлі тарихи кезеңдерде пайда болған бұл ағымдардың басым бөлігі тарих сахнасынан жойылғанымен біразы дүниенің төрт бұрышында бүгінге дейін үгіт-насихаттарын жүргізіп келеді.

Ал, ХХІ ғасырда көбіне саяси мақсаттағы діни ағымдар жиі сөз болып жатқаны баршамызға мәлім. Дегенмен бұл ағымдар мен ұйымдардың басым бөлігінің негізі орта ғасырдағы ағымдардан бастау алады.

 

Думан БАЛЫҚШИЕВ,  "Жылыой" мұсылмандар мешітінің ұстазы. 

 

Толығырақ ...

Жылыой ауданының орталық мешітінде дәрістер топтамасы басталды

islam-atyrau.kz/7 қазан, 2019 жыл.   Жылыой ауданының орталық мешітінде дәрістер топтамасы басталды. Ендігі жерде дінге қызығушылығы оянған азаматтар мешітке келіп, білікті ұстаздардан сабақ ала алады.

     «Бұл бастама Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұровтың жамағаттың діни сауаттылығын арттыру туралы тапсырмасына орай жүзеге асырылып отыр. Дәріс аптаның әр күнінде жүретін болады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тал бесіктен жер бесікке дейін білім іздеуді аманат еткен» дейді Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі.

Толығырақ ...