Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Исатай ауданына сапар аясында Бас имам жиырма отбасына азық-түлік үлестірді

   islam-atyrau.kz/14 қараша, 2019 жыл.  Исатай ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті орталық мешітте  жамағатпен танысып, кейін қайырымдылық шарасын өткізді.

Қайырымдылық акциясы әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін жиырма отбасын қамтыды.

Қайырымдылық акциясы барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы өзгеге қамқорлық жасау – мұсылманның парызы екендігін атап өтті. «…Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» дейді қасиетті  Құран Кәрімде. Әрбір иманды жанның осы аяттан алатын ғибраты да, ізгілікке жол көрсететін өнегесі де баян етілген. Қоғамда да  күнделікті жиі қолданылып отыратын дана сөздерінің бірі: «Кең болсаң – кем болмайсың» деудің  мәніне үңілсеңіз, адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отыр. Яғни, ізгілік іс жасаған адамның төрт құбыласы тең болады» деп атап өтті өз сөзінде Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Әрқайсысы 25 кг болатын пакет ет және бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтамасыз етілген.  

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Исатай ауданына жұмыс сапары аясында облыстық ғылыми конференцияға қатысты

 islam-atyrau.kz/14 қараша, 2019 жыл.  Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Исатай ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы «Туған ер Исатай  да ел бағына» атты облыстық  ғылыми-тәжірибелік конференцияға мәртебелі мейман ретінде қатысты.

Конференция аясында жиналған жұртшылықты Исатай Тайманұлының ескерткішінің  ашылуымен құттықтаған Бас имам халық батырының жүріп өткен жолы патриоттық тәрбиенің қайнар көзі болуы керектігін атап өтті. Және де жұртшылықты еліміздің бірлігі, қоғамның тұрақтылығын нығайту жолында ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасымен таныстырды.

«Тұғырнама мұсылманның тұла бойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтқанда, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық.

Рухани тұғырнамада айтылғандай, исламдағы басты парызға – білім алу жатады. Себебі, Құран Кәрімнің алғашқы түскен аяты «Оқы!» деген сөзден басталады. Білім алу, сауат ашу – Ислам дінінің ең басты талабы. Құран Кәрімнің көптеген аяттарында білім жайлы айтылған. Қасиетті Құранда: «Алла Тағала араларыңдағы иман келтіргендер мен білім иелерінің дәрежелерін көтереді» («Мүжәдәлә» сүресі, 11-аят) деп білімді болудың артықшылығын білдірген. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білім алу – әрбір мұсылманға (ер мен әйелге) парыз», – деген. Расында, ойлап қарасақ, мемлекетті құраушы күш оның азаматтары десек, әр адам бәсекеге қабілетті болу үшін үздіксіз дамып, өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Озық ақпараттық технологиялар билік құрған заманда бәсекеге қабілетті жекелеген мемлекеттер ғана алпауыттарға жұтылмайды» деп атап өтті ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

ҚМДБ: Пәтуа мәселесіне арналған алқалы жиын өтті (фото)

  islam-atyrau.kz/14 қараша, 2019 жыл.  Елордада наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының төрағалығымен пәтуа және шариғат мәселелеріне арналған арнайы жиын өтті.

Басқосуға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, бөлім басшылары, Салттық қызмет көрсету бюросының өкілі Нұрболат Шайхисламұлы, Нұр-Сұлтан қаласының имамдары қатысты. 

Алқалы жиынды ашқан наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы мұсылман зиратының әдептері мен талаптарын қалыптастырудың маңыздылығын баяндады. ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев діни рәсімдерді атқару ісінде мүфтияттың жұмысына айрықша тоқталды.

Пікір алмасу форматында өткен кездесуде имамдар зиратты аралау мәдениеті, жерлеу рәсімдері, ас беру шаралары кезіндегі ысырап, ас мәзірін бекітудің қажеттілігі, жаназа намазын мешітте оқудың артықшылығы туралы өз ойларын ортаға салып, нақты ұсыныстар білдірді.

Кездесу соңында ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораздың бастамасымен шыққан «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітапта көрсетілген қағидалар мен пәтуаларды халыққа насихаттау қажеттігі сөз болып, ортақ ұйғарым жасалды.

 
Толығырақ ...