Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы алғашқы жұмыс сапарын Индер ауданынан бастады

 islam-atyrau.kz/2 қараша, 2019 жыл.    Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аудандарға алғашқы сапарын бүгін Индер жерінен бастады.

Жергілікті Индер аудандық Әйіп қажы мешітінің жұмыс барысымен танысып, бірқатар тапсырмалар берген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы басты мақсат - асыл дінімізді дәріптеу, діни ағарту, сонымен бірге, қайырымдылық жолында жамағатты біріктіру екендігін атап өтті.

Сапар аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті жамағатпен, зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Емен-жарқын өткен кездесу барысында Бас  имам ислам дінінің мақсаты туралы уағыз айтты. "О баста Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жер бетіне жіберілудегі мақсат әлемге мейірім, ізгілік нұрын шашу еді. Жүзіңізде мейірім болмаса, сөзіңізде мейірім болмаса біз кімбіз? Сондықтан, адам бойында мәдениеттілік, сыпайылық қалыптасуы керек. 

Бірінші, таухид мәселесі. Алланы тану және Алланың бірлігіне сену. Екіншіден, Алланың айтқан әмірлерін орындау. Үшіншіден, көркем мінез иесі болу" деп атап өткен ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы одан әрі жамағатқа "Жеті рухани қазық" тұғырнамасымен таныстырды.   

Бас имамның Индер ауданына сапары Жарсуат ауылында жалғасады. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...