Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ИСЛАМ ФИҚҺЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ XXIV СЪЕЗІ БАСТАЛДЫ

  islam-atyrau.kz/5 қараша, 2019 жыл.   Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында Ислам әлеміндегі беделді ұйымдардың бірі – Халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясының XXIV-ші съезі басталды.

Аталмыш шараға Академиядағы Қазақстанның тұрақты өкілі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, PhD докторы Ершат Оңғаров қатысуда.   

«57 елден келген Ислам ғұламалары мен фақиһтері алқалы жиында мұсылман әлемінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, мұсылман жұртшылығын алаңдатқан тақырыптарды қозғайды. Осы реттегі бес күндік ғылыми кеңесте «Криптоволюта», «Ақша инфляциясы» «FIDIC келісімшарттары», «Исламдағы толеранттылық», «Тағам және су қауіпсіздігі, «Генетика» т.б. өзекті мәселелер талқылануда» – дейді Академиядағы еліміздің тұрақты өкілі Ершат Ағыбайұлы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен еліміз 2013 жылы тұңғыш рет Халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясының тұрақты мүшесі болып қабылданған еді. 1977 жылы негізі қаланған Халықаралық Ислам фиқһы академиясы – бүгінгі Ислам ғұламалары мен фақиһтерінің басын құрайтын мұсылмандардың ғылыми орталығы болып есептеледі. Құрамына 57 елдің ғалымдары кіретін кеңесте қазіргі күннің көкейтесті мәселелері кеңінен қаралып, оларға қатысты Ислам ғұламаларының ортақ шешімдері шығып отырады.

 
Толығырақ ...