Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КӨРІСУ МЕЙРАМЫ ҚАЛАЙ АТАЛЫП ӨТЕДІ?

islam-atyrau.kz/11-наурыз, 2019 жыл. Көрісу мейрамын атап өту аясында облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына шаралар легі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

12 наурыз күні сағат 10-да облыстық халық шығармашылығы орталығында  «Ойдағы ел қырдағы елмен амандасып» тақырыбында халықаралық айтыс басталады. Қазылар алқасының құрамында Асанәлі Әшімов бастаған өнер қайраткерлері бар.

13 наурыз күні сағат 15.00-де жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі – бата беруден республикалық байқау өтеді. Шара Құрманғазы мәдениет сарайында болады. Байқауға  17 батагөй қатысады.

14 наурыз сағат 11-де Сұлтан Бейбарыс алаңында «Көрісу Fest» халықаралық фестивалі басталады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтетін халықаралық фестиваль аясында суретшілер плэнері, облыстық музей көрмесі, ұлттық сусындар мен тағамдар жәрмеңкесі өтеді.  «Жастар жарыса көрісіп қауышады» байқауы мен театрландырылған  әдеби-музыкалық қойылым да шара жоспарында бар.

Толығырақ ...

Атырауда мешіт жамағаттары арасында волейбол ойынынан жарыс өтті (ФОТО+ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/11 наурыз, 2019 жыл.

Мұнайлы өлкенің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Атырауда мешіттің жастар жамағаттары арасында волейбол ойынынан жарыс өтті.

Атырау қаласына қарасты жеті мешіт жамағаттары және «Иманғали» орталық мешітіне қарасты медресе шәкірттері қатысқан спорт бәсекесінде 20 – 30 жас аралығындағы қатысушылар бақ сынасты.

Тартысты өткен бәсекеде бірінші орын орталық «Иманғали» мешітінің командасына бұйырды. Екінші және үшінші орындарды Қызылбалық мешіті мен Мәулімберген мешіті командалары өзара бөлісті.

Айта кетелік, спорттық бәсеке жастар жылына орайластырылып ұйымдастырып отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша Жастар секторының бастамасымен өткізілген шара кезінде Мақсат Өтепқалиев, Айтқали Жарылғап, Нұрмахан Қаршығаев және Аян Қайырлиев есімді ойыншылар үздік деп танылып, арнайы түрде марапатталды.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.  

Толығырақ ...

Марқұмды кебіндеу тақырыбына арналған дәріс өтті

islam-atyrau.kz/11 наурыз, 2019 жыл.

Мәйітті жуындыру, яғни, пәктеу және кебіндеу кезінде нені ескергеніміз жөн?

Атырау қаласы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қуанышұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары үшін өткізілген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» дәрісінде осы мәселе талқыланды.

«Адамға ажал сәті тақағаннан бастап иманын үйіріп, кәлима сөздерін қайталап отыру сынды әдеп-амалдар барын ескергеніміз жөн. Мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, ерді ер, әйелді әйел адамның, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруына назар аудару да маңызды.Діни жоралғылар дәстүрмен де сабақтасып жатуы қажет» деген Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қуанышұлы мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа намазы туралы кеңінен айтып өтті.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

АНА ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

islam-atyrau.kz/11 наурыз, 2019 жыл.

«Ана отбасының ұйытқы берекесі». Осындай тақырыппен орталық «Иманғали» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Атырау өкілдігі "Әйел-қыздар" секторына қарасты Әжелер мектебінің ұйымдастыруымен «дөңгелек үстел» өтті.

Толығырақ ...

Батыржан Мансұров: ЕРЕЖЕП - САУАП АМАЛДАРДЫҢ БАСТАУЫ

Алдымен он сегіз мың ғаламды жаратқан Жаратушы Иемізге сансыз мақтау мен мадақтар болсын! Сонымен қатар, екі дүниенің сардары, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ) сансыз салауаттар мен сәлемдер болғай.

Толығырақ ...