Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров студент жастармен кездесті (ФОТО+ВИДЕО)

  islam-atyrau.kz/13-наурыз, 2019 жыл.

 

Жастар жылы аясында, бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау аймағы бойынша өкілі, облыстық орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров студент жастармен кездесті.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті базасындағы №2 студенттер үйінде Студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен кездесуде ұстаз Батыржан қажы Берденұлы "Жастар және дін" тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

 Шамамен жүзге жуық студент жастар қатысқан рухани кеш барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау аймағы бойынша өкілі, Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы жастық шақтың қадірін сезіну, ең керемет сәтті сауапқа толы амалдармен өткізудің мәні жөнінде уағыз жүргізіп, қасиетті Құран аяттарын, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистерін мысал етті.  

"Қай кезеңде де қазақ жерінде толеранттық пен дін еркіндігіне негізделген әртүрлі ұлыстардың, мәдениеттер мен діндердің өкілдері ғасырлар бойы татулықта тұрғанын ұмытпауымыз керек. Жастар дін мәселесіне байланысты ұстаз таңдауда сақ болып, қоғамда қалыптасқан іс-әрекеттері, жүріс-тұрыс және адамгершілік нормалар мен заңдылықтарын ұстанып, саналы әрекет етулері тиіс. Мұндай жағдайда кез келген адамның қателігі өзінің туған-туысқандарының өміріне әсерін тигізетінін түсінуі керек. Сол себептен де өз тарихын білу, тіл мен мәдениетті дамыту, өз халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу, отбасы институтын сақтап қалу мен ұрпақтанрпаққа қалдырған мұрагерлігін нығайту жастар алдындағы басты міндет. Жастарымыз әркез Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмір жолын өзіне үлгі ететін болса, бұл шынайы, ізгі мұсылманның хақ жолы болмақ" деп атап өтті ұстаз Батыржан қажы Берденұлы.

 Рухани кездесуге Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Ләйла Қойшығұлова, университет базасындағы Жастар саясаты департаментінің директоры Бибінұр Қорған арнайы қатысты.

Еркін форматта өткен кездесуде жастар сауалдар қойып, осындай іс - шара жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын айтты.

 

Толығырақ ...

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ (+ФОТО)

  islam-atyrau.kz/13-наурыз, 2019 жыл. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкіметтік комиссия көпбалалы отбасылармен кездесті

Атырау облысына жұмыс сапарымен келген үкіметтік комиссияның жұмыс сапары бүгін де жалғасуда. Республикалық «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова аймақтағы көпбалалы отбасылармен кездесті. Үкіметтік комиссия төрттен сегіз балаға дейін тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасыларға барды.

Мысалы, көпбалалы ана Зульфия Қайырова алты бала тәрбиелеп отыр. Отбасы айына 45 мың теңгеге шағын жеке үйді жалға алған. «Күміс алқа» иегері қазір декреттік демалыста. Зульфияның жолдасы жүргізуші болып жұмыс істейді, жалақысы – 150 мың теңге. Мемлекеттен алатын жәрдемақыларды қоса есептегенде отбасының жалпы табысы баспана алу үшін қаражат жинауға жетпейді.

Вице-Премьер Гүлшара Әбдіқалықова көпбалалы анаға атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алу ережелерін түсіндіру керектігін айтты. Зульфияның өңірдегі «Іскер ана» жобасына қатысуы отбасылық жағдайдың жақсаруына септігін тигізбек.

«Курсқа қатысу арқылы жаңа мамандықты меңгеріп қана қоймай, өзіңізге ұнаған кез келген мамандық бойынша қайта оқуға болады. Алдағы күндері жеке кәсіп ашуға бір реттік қайтарымсыз ақшалай сертификат беруді бастаймыз. Мамыр айынан бастап көп балалы отбасыларға жалға берілетін үй, тиімді шарттармен ипотекалық несие беріледі, осы шаралар елдің әл-ауқатын көтеріп, проблемаларды шешеді деген сенімдеміз», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Үкіметтік комиссия барған көпбалалы отбасылардың басым бөлігін тұрғын үй мәселесі, жұбайлардың бірінің жұмысы болмауы, мемлекеттік қолдау туралы насихаттың аздығы толғандырды. Ауылдан көшіп келгендер үшін қалаға тіркеуге тұру мәселесі өзекті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев әр әйелмен жеке сөйлесіп, жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдер туралы түсіндірді.

«Атырау облысына мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа әлеуметтік реформаны түсіндіру мақсатында келдік. «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасының арқасында ешбір отбасы назардан тыс қалмайды, осы мақсатта республикалық бюджеттен қаражат бөлініп отыр. Біздің міндетіміз – әр қазақстандықтың мемлекеттен нақты көмек алуын қамтамасыз ету»,-деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Жұмыс сапарының соңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен Бердібек Сапарбаев азаматтарды қабылдады. Көпбалалы аналар тиісті әлеуметтік төлемдер туралы, әлеуметтік осал топтағылар мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәлімет алды.

Дереккөз: "Атр.кз"

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ КУБА ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

 islam-atyrau.kz/13-наурыз, 2019 жыл. Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Куба Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Эмилио Певида Пупо мырзаны өз өтініші бойынша қабылдады.

Кездесуде Қазақстан мен Куба Республикасы арасындағы қарым-қатынас сөз болды. Дипломат Бас мүфтиге Куба халқының мәдени, рухани өмірі жайлы баяндап берді.

«Біздің қоғамның басты құндылығы – халықтар арасындағы бірлік. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында көптеген игіліктер мен жетістіктерге жеттік. Біздің елде Елбасының бастамасымен әр үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі өтеді. Жер, әлем, мекен – бәрімізге ортақ. Сондықтан, кез келген ұлт пен дін өкілінің татулықта өмір сүруі маңызды мәселе», – деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.

Басқосу соңында Эмилио Певида Пупо арнайы қабылдап, сұхбаттасуға келісім берген Бас мүфтиге алғысы мен жылы лебізін білдірді.

Дереккөз: "Мүфтият. кз"
Толығырақ ...

АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР МАМЫР АЙЫНАН БАСТАП БЕРІЛЕДІ

 islam-atyrau.kz/13 наурыз, 2019 жыл.    Елімізде аз қамтылған отбасыларды  тұрғын үймен қамту бағдарламасы мамыр айынан басталады.

Бұл туралы Атырауға жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мәлімдеді.

«2025 жылға дейін 40 мың пәтер беріледі. Еліміздің әр өңірінде аз қамтылған отбасыларға жалдамалы пәтер мамыр айынан бастап беріледі» деп нақтылады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова.

Картинки по запросу ипотека

 

Дереккөз: "Атр.кз"

Толығырақ ...