Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас мешітте құны 1 миллион теңге болатын азық-түлік пакеті 100 отбасыға таратылды (+ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/17-наурыз, 2019 жыл. Бүгін орталық "Иманғали" мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

         Бір мезгілде жүз отбасыға азық-түлік таратылған ауқымды акцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров арнайы қатысып, мұқтаж жандарға өз қолымен азық-түлік пакетін тапсырды.

         "Исламда мұқтаждың қажетін өтеп, жетім-жесірге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға көмек қолын созу қайырлы іс болып саналады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): "Су отты қалай сөндірсе, садақа да дәл солай күнәларды жояды" деп, мұқтаждың қажетін өтеуге үндеген" деп атап өтті Бас имам акция кезінде.

         Аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жетім, жартылай жетім санатындағы мұқтаж жандар қамтылған акция кезінде 1 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Орталық мешіттің жастар жамағаты командасы қайырымдылық турниріне қатысты

islam-atyrau.kz/17-наурыз, 2019 жыл.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің жастар жамағаты бүгін волейболдан қайырымдылық турниріне қатысты.

 

Барлығы тоғыз команда өзара бақ сынасқан волейбол турниріне әр команда 30 мың теңге көлемінде жарна төлеп қатысуда. Қайырымдылық турнирінен түскен қаражат ауыр дертке шалдыққан атыраулық сәби - Мұхаммед Сағынның еміне жұмсалатын болады.

 

"Мұсылмандар бір-біріне бауыр. Қиын жағдайда қалған бауырларға көмектесіп, жәрдемдесу - иісі мұсылманның парызы. Бүгінгі қайырымдылық турниріне қатысушылар кішкентай бүлдіршін Мұхаммедтің сауығып кетуі үшін дұға жасауда" дейді Атырау облыстық орталық "Иманғали" мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

 

Толығырақ ...