Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау: ЖАНАЗА РӘСІМДЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАНДЫ

 islam-atyrau.kz/18-наурыз, 2019 жыл.

Атырау облысының өкіл имамы Мансұров Батыржан Берденұлының бастамасымен өткен қала имамдарының жиналысында бірауыздан Жаназа және жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру мақсатында Үндеу қабылданды.

Толығырақ ...

Елбасы мүфтияттың жаңа ғимаратын аралады

islam-atyrau.kz/18-наурыз, 2019 жыл. Президент Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Алматы ауданындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралап көрді.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі жұмысымен және алдағы жоспарымен танысты, сондай-ақ қызметкерлермен әңгімелесті.

" Сіздердің жұмыстарыңыз үшін барлық жағдай жасалды. Біз сіздермен бірге халықтың игілігі үшін еңбек етеміз. Егер мемлекетте бірлік пен келісім болмаса, ондай елдің болашағы жоқ", – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, Діни басқарманың жұмысына табыс тіледі.

***

«Нұрлы Астана» корпоративтік қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңа ғимаратының құрылысын 2015 жылдың қазан айында бастап, 2018 жылғы желтоқсанда аяқтады.

Толығырақ ...

Елордада Астананың бас мешіті салынады (+ВИДЕО)

 islam-atyrau.kz/18-наурыз, 2019 жыл. Астананың сол жағалауында жаңа мешіт салынады. Оның капсуласын қалауға Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мешіттің негізгі ғимаратын салып жатырмыз, ол біздің аймағымыздағы ең үлкен мешіт болады. Мұсылман әлемінде бұл жай ғана діни ғимарат емес, ол қонақтар, туристер келетін елордамыз үшін әсемдік тұрғыда маңызды нысан саналады. Біз бұған дейін салынған және қазір салынып жатқан мешіттерді зерттедік. Ең жақсы жобаларды таңдадық. Жобаны өзім қараймын, бұл нысанның құрылысын басынан аяғына дейін өзім бақылаймын. Кейін бәріміз жиналып, оны ашамыз", - деді Елбасы мешіттің іргетасына капсула қалау рәсімінде.

Мешіт EXPO-2017 аймағында, Қабанбай батыр мен Мәңгілік ел даңғылдарының ортасына салынады. Оның сыйымдылығы - 30 мың адам, бұл еліміздегі және Орта Азиядағы ең үлкен мешіт болады.

 

Жаңа мешіттің аумағы - 9,4 гектар. Ғимараттың жалпы аумағы 57 мың шаршы метр болмақ. Мешіт мұнарасының биіктігі 130 метр, ал негізгі күмбездің биіктігі 88,2 метр болады деп жоспарланып отыр. Ерлерге арналған ғибадат залына бір уақытта 15 мың адам сыйып кетеді, ал әйелдердің ғибадат залы 3 мың адамдық болады. Аулаға тағы 12 мың адам сыяды. Қазір Қазақстанда Хазрет Сұлтан мешіті ең үлкен мешіт саналады.

Ол Астананың оң жағалауында орналасқан, оның сыйымдылығы - 10 мың адам. Хазрет Сұлтанның бүкіл аумағы 11 гектардан асады. Ал ғимараттың аумағы - 17 700 шаршы метр. Қазір құрылыс орны бос жатыр.

Бұл жерден "Нұр Әлем" сферасы, артынан "Абу-Даби Плаза" құрылысы көрінеді.  

Мешітті түркиялық құрылыс компаниясы салады. 

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...

ЕЛБАСЫ ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯДАҒЫ ШАБУЫЛДЫ ҚАТАҢ ТҮРДЕ АЙЫПТАДЫ

islam-atyrau.kz/18-наурыз, 2019 жыл. Қазақстан Президенті Крайстчерч қаласындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Біз жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін қатаң айыптаймыз.

Қазақстан біздің елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
 
Дереккөз: "Мүфтият. кз"
Толығырақ ...

Балаға күнде айтылуы тиіс сөздер туралы білесіз бе?

Әрбір қолданған сөйлеміміз бен сөйлеген сөзіміздің балаларымызға қалай әсер етіп, дүниетанымына қандай іздер қалдыратынын өте сирек ойлаймыз. Баланың тұлғалық дамуы мен дүниеге деген көзқарасын қалыптастыруда айтқан сөздеріміздің ерекше маңызы бар. Сол себепті баланың күнде естіп тұруы тиіс сөздерді назарларыңызға ұсынып отырмыз. Күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, баламызға көңіл бөлмей қалып жүрмелік. Бұл сөздердің бәрін қолдана алмасаңыз да, ең құрығанда оны сүйетініңізді, мақтан тұтатыныңызды айтып отырыңыз.

 

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...

Бас мүфти: "Ой мен тіл түзелсе, қоғам түзеледі"

islam-atyrau.kz/18-наурыз, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанадағы Гуманитарлық заң колледжінің студенттерімен жүздесті. 

«Кез келген адамның ойына алған дүниесі тілінде көрініс табады. Демек, не ойласақ, соны айтамыз. Жақсы ойлы адамның тілінен жақсы сөз шығады. Ой мен тіл түзелсе – қоғам түзеледі. Сондықтан, бауырың немесе туысың туралы жақсы ойда болу керек. Адам баласы бауырының бойынан нені көргісі келеді – соны көреді. Егер біз біреудің бойынан мін тапқымыз кеп, соны іздесек, әрине біздің көзімізге оның тек кемшіліктері ғана көрінеді. Өйткені, миға осындай жағымсыз ақпарат беріліп қойды. Барлық адамда кездесетін қарапайым мысал: көлік немесе киім алуды ойласақ, ойға алған көлік пен киімді көшеден жиі кездестіреміз. Басқа нәрсе көрінбеуі мүмкін, алайда ойлаған дүниеміз көз алдымыздан кетпей тұрады. Жақсы ойдың өзі – құлшылық деп атап өтті», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

 

 

Дереккөз: "Мүфтият. кз"

Толығырақ ...