Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас мүфти Палестина елшісімен сұхбаттасты

  islam-atyrau.kz/5 наурыз, 2019 жыл. Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Палестина Елшісі Монтасер Әбу Зейд мырзаны өз өтініші бойынша қабылдады.

    Кездесуде Қазақстан мен Палестинаның мәдени, рухани салалар бойынша қарым-қатынасы, қазіргі мұсылман үмбетінің өзара ынтымағы мен бауырмашылдығы сөз болды. Басқосуда Бас мүфти Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген елдермен, оның ішінде Палестина мемлекетімен қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. Өз кезегінде Монтасер Әбу Зейд Қазақстан егемендігін жариялаған сәтте қазақ халқын тәуелсіздікпен құттықтаған мемлекеттер ішінде Палестинаның болғанын тілге тиек етті.

«Біздің еліміздің басты байлығы – халықтар бірлігінде, ұлтаралық, дінаралық татулық пен келісімде. Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының алты дүркін съезін өткізіп, дүниежүзі халықтарын бірлік пен ынтымаққа, өзара достық пен бауырмалдыққа үндеп келеді. Біздің басты құндылығымыз – бейбітшілікте», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Өз кезегінде дипломат Монтасер Әбу Зейд:

«Рас, Ислам – достық пен сүйіспеншілік діні. Біз исламофобия үрдісі белең алған қазіргі заманда тек адамгершілік пен мейірімділікке негізделген асыл дінімізді көбірек насихаттауымыз керек. Сондықтан, Исламды қаралау ниетімен жасалған кез-келген әрекетке тосқауыл болуымыз керек», – деген пікірін жеткізді.

Кездесу соңында дипломат Дінбасына Палестинаға ресми сапарға шақырды.

Дереккөз: "Мүфтият. кз"

 
Толығырақ ...

"Отты нүктелерден" оралған қазақстандықтардан қоғамға қандай ма бір қауіп бар ма?

         islam-atyrau.kz/5 наурыз, 2019 жыл. Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың пікірінше, жыл басында жүзеге асырылған "Жусан" операциясы елдігімізді көрсетті.

         Жат идеологияның салдарынан шет ел асқан қандастарымыздың біразы қазір елге қайтарылды. "Қанды жағдайды көріп келген азаматтардың ертеңгі күні санасы түзеле ме?" деген сауалға келсек,  біз ол бауырларымызды жақсылыққа тарту арқылы оңалтуымыз керек" дейді Бас имам Батыржан Мансұров.

 

         "Біз жұмсақтығымызбен, мейірімділігімізбен бауырға тартатын болсақ, Жаратушы ынсап берсе, олар оңалады. Ал, түзелмесе заң алдында жауапкершілік бар" деп нақтылады сөзін ұстаз Батыржан қажы Берденұлы.  

 

Картинки по запросу дін

 Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Ұстаз Батыржан қажы Берденұлы жасанды түсік жасатудың үкімі туралы айтты

        islam-atyrau.kz/5 наурыз, 2019 жыл. Қазіргі таңда жасанды түсік мәселесі үлкен тақырыпқа айналып жатыр. Ұятты жағдайда қалған қыз балаларымыз не істеуі керек? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың пікірінше, пенде баршамызға ризық-несібе беруші Алла екендігін ұмытпауы қажет.

         "Ұшқан құстан бастап, судағы балықтың, жер бетіндегі жәндіктің, ең көркем бейнеде жаратылған адамның ризық-несібесін Алла Тағала реттейді. Демек, біз ризық мәселесінен қорықпауымыз керек. Кей жағдайда жастарымыз осындай жағдайға барып қояды да, ата-анасынан қорқып, құрсағындағы балаға  түсік жасатады. Бұл үлкен күнә.   Өйткені, Құранда "Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер" деген.

         Бұл мәселеде некесіз дүниеге келген баланың кінәсі болмайды. Кінә ата-анада болады. Сондықтан, неке қидырмастан сәби көтерген жағдайда, жастар отбасын құруы керек. Шариғат жолымен неке қидырып, ата-ананың батасын алуы қажет" деп түйіндеді сөзін Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.

 

Картинки по запросу ребенок

 

 Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...