Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Волейболдан ашық турнирде "Иманғали" мешіті командасы чемпион атанды

islam-atyrau.kz/1 сәуір, 2019 жыл. Бұған дейін Атырауда волейбол саласының ардагері Назаров Бисенбай Айтқалиұлын еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан халықаралық ашық турнир өткендігін хабарлаған болатынбыз.

Аталмыш турнирде орталық "Иманғали" мешіті жамағатынан құралған команда оқ бойы озық шығып, бірінші орынды жеңіп алды. Екі күнге созылған спорттық бәсекеде "Иманғали" мешіті командасы Атырау мұнай өңдеу зауыты және Орал қаласынан келген командаларды ойсырата ұтты.

Ерекше айта кетерлігі, волейбол ойынына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Мансұров қатысып, әдемі ойынның өрнегін көрсетті. Аталмыш бәсекеде Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров «Ардагер волейболшы» құрметті атағымен марапатталды.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Бас мешітте жұмысын бастаған кітап клубы аясында жастар жамағаты сынақ тапсырды

  islam-atyrau.kz/1 сәуір, 2019 жыл. Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен, бұған дейін орталық «Иманғали» мешітінде жастар жамағаты арасында кітап клубы жобасы іске қосылғанын хабарлаған едік.

 

Наурыз айы бойына жастар «Рухани шыңның ұлы сатысы қызмет» кітабын оқып, бітірді. Кеше жастар жамағаты мешіт ұстаздарының алдында аталмыш кітап бойынша емтихан сынағын тапсырды. Келесі кезеңде шәкірттерге «Хаққа арналған жастық шақ» кітабы оқуға берілді. Сәуірдің соңында жастар тағы да сынақ тапсырады.

«Бұл процесс жыл соңына дейін жалғасады. Яғни, кезең кезеңімен сынақ тапсырған шәкірттердің білім деңгейі әр емтихан сайын баллдық жүйемен есептеледі. Жыл соңында жеңімпаз атанған шәкірт Меккеге кіші қажылыққа аттанады. Бұл жоба жастарды кітап оқу арқылы, имандылыққа  баулуды көздейді» деді Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров.

Аталмыш жоба бойынша алғашқы кезеңде 30 - 35 шәкірт сынақ тапсырды. Келесі айналым тағы да 10 шәкіртпен толығып отыр. 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Әт – Тақуа мешітінде кезекті айлық отырыс өтті

  islam-atyrau.kz/1 сәуір, 2019 жыл. Атырау қаласындағы Әт – Тақуа мешітінде кезекті айлық отырыс болып өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен іске қосылған бұл жобаның мақсаты – мешіт жамағаттарын ауызбіршілікке, ынтымаққа, бірлікке шақыру.

«Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы, ұстаз Ерболат Боханов тілдің кесапаты, өзгеге жала жаппау, жақсылыққа шақыру, жамандықтан қашық болу тақырыбында уағыз айтты.

 Аталмыш отырысқа Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров арнайы қатысып, Әт – Тақуа мешітінде Құптан намазын жүргізді. 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...