Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Шағбан айын берекелі ете көр!»

Шағбан айы – қасиетті Ережеп пен Рамазан айларының ортасында келетін берекесі мол ай. Пайғамбарымыз ﷺ бұл айда  көп ораза ұстайтын болған. Бұл туралы Айша анамыз: «Алла елшісі ﷺ ораза ұстаса: «аузын ашпайды екен», аузын ашса: «ораза ұстамайды екен» деп қалатынбыз. Мен Алла елшісінің ﷺ Рамазан айынан тыс басқа айларда бір ай толық ораза ұстағанын көрмедім, сол сияқты Шағбан айы тәрізді басқа айларда көп ораза ұстағанын көрмедім»,[1] – деген.

Толығырақ ...

ҚАЖЕТ НАМАЗЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ҚАНДАЙ?

Намаз – құлдың барлық ісі мен қажеттілігін ысырып қойып Жаратушысына құлшылық ету. Дұға болса, Құдіреті күшті Жаратушының шетсіз-шексіз қазынасынан өзіне керегін сұрау болып табылады. Ал қажет намазы адам баласының қажеттілігі мен дұғасы құлшылық болып құйылып, көрініс тапқанын айтамыз.

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ РАВИЛЬ ГАЙНУТДИНМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

  islam-atyrau.kz/15 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз жуырда Елордада өткен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференциясы аясында Ресей мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, мүфти, шейх Равиль Гайнутдинмен кездесті.

Кездесуде Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен өткен халықаралық конференцияда көтерілген мәселелер сөз болды. Қос мүфти екіжақты келісім аясында діни саладағы ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаласты. Кездесу соңында бауырластық байланысты арттыруға ықпал ететін бірлескен жобалар жайы жан-жақты талқыланды.

Серікбай қажы Ораз Равиль Гайнутдинге ҚМДБ-ның жаңа ғимаратын таныстырып, мүфтияттың жұмысы жайлы әңгімелеп берді. Дін қайраткерлері мүфтияттың жанындағы мұражайды аралап, тарихи мешіттің сәулет құрылысымен танысты. Жаңа ғимаратты аралаған Равиль Гайнутдин мүфтияттың игілікті жұмыстары мен екі ел мұсылмандарының бірлігі мен ынтымағы үшін дұға жасады.

 

 Дереккөз: "Мүфтият. кз"

Толығырақ ...