Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ер жігіттің 3 намысы бар

Кез-келген мемлекеттің негізгі құраушы ұлты болады. Қазақстан елінің негізгі иесі –  қазақ. Демек, отанның болашағы да сол ұлтқа тікелей байланысты. Ұрпақ ауысқан заманда, отанның мығымдылығын кім сақтап қалады деген ой мазалайды. Міне, бұл ой, бұл заманның келер заманның жастарының болашағына, оның тәрбиесіне мән беруден басталуы қажет деп ойлаймын.

Толығырақ ...

ЖҰМА КҮНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Күндердiң ең ұлығы – жұма. «Жұма» сөзі жинау, бас қосу деген мағыналарды білдіреді. Мұсылмандар бұл күнді қуанышпен қарсы алып, мешіттерде жиналады, үгіт-насихат, уағыз тыңдап, жұма намазын оқиды.

Толығырақ ...

Жасанды кірпік және тырнақ жапсыруға ислам қалай қарайды?

 Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай!  

Қазіргі таңда көптеген мұсылман әйелдердің жасанды кірпік пен тырнақ жалғауы әдетке айналуда. Ислам шариғатында тырнақ жалғау былай тұрсын тырнақты өсірудің өзі күнә. Сахаба Әнас ибн Малик: «Бізге мұртты қысқартуды, тырнақ алуды, қолтық және әурет түктерін жұлуды қырық күннен асырмау бұйырылды», – деген[1]. «Раддул мұхтар» кітабында: «Ең дұрысы апта сайын тырнақты алу, мұртты қысқарту, әурет түгін қыру, денесін жуу керек. Болмаса, бұл істер 15 күнде жасалуы тиіс. Қырық күннен асыру – күнә»[2], – делінген.   Ал бет әлпеті отқа күйіп, кірпігі жойылып, көріксіз жағдайға дұшар болса немесе ауруға шалдығып, кірпіктері түсіп қалса, сондай-ақ тырнақтары түбімен алынып кетсе, осы сынды зәрулік жағдайларда жасанды кірпік және тырнақ жалғауға рұқсат етіледі. Шариғатымыз адамның ағзасында қандай да бір ақау, науқастық пайда болса, оның емделу жолын қарастыруды міндеттейді[3].   Алайда, кірпікті немесе тырнақты жәй сәндік мақсатында жалғаса, ол жайында ғұламалар бірауыздан харам деген үкім берген[4]. Өйткені ол Алланың жаратқан жаратылысын өзгерту болып саналады. Хадисте:     لَعَنَ اللَّهُ الْوَاشِمَاتِ وَالْمُسْتَوْشِمَاتِ وَالنَّامِصَاتِ وَالْمُتَنَمِّصَاتِ وَالْمُتَفَلِّجَاتِ لِلْحُسْنِ الْمُغَيِّرَاتِ خَلْقَ اللَّهِ   «Алла Тағала денеге сурет салушыны, сурет салдырушыны, қас теруші және қас тергізушіні, әдемі көріну мақсатында тістерінің арасын ашқандарды және Алланың жаратылысын өзгерткендерді лағынеттеді»[5], – делінген. Сондай-ақ бұл мәселе шариғатымызда тыйым салынған шаш жалғау мәселесі қатарына жатады. Келесі хадисте: «Алла Тағала шаш жалғаушыны да, жалғағанды да лағынеттеді», – деген[6]. Бұл – жасанды кірпік және тырнақтың шариғаттағы үкімі. Оның дәретке байланысты үкіміне келсек, кірпік шариғатымыз белгілеген бетті (яғни, тігінен – маңдайдың шетінен бастап иектің астына дейін, ал көлденеңінен – оң құлақтың жұмсағы мен сол құлақтың жұмсағына дейінгі аралығын) жуудың аясына кіреді. Сонымен қатар қолдың құрамына кіретін тырнақты да жуу – парыз. Жасанды кірпік пен тырнақты зәрулік жағдайға байланысты қойған болса әрі ол су өткізбейтін, сонымен қатар қайта алынбайтын нәрсемен жасалынса, онда сол жасанды кірпік пен тырнақты жуумен шектеледі. Мұнымен дәреттің парызын орындаған болып саналады. Егер жасанды кірпік пен тырнақты ешбір қиындықсыз алуға мүмкіндік болса, онда оларды алып, ол жерді сумен жуады және қайта орнына қояды[7].   

ҮКІМ

1. Сәндік мақсатта кірпік не тырнақ жалғауға тыйым салынады.

2. Тырнақты апта сайын алу – мұстахап. 40 күннен асыру – харамға жақын мәкруһ.

3. Зәрулік жағдайда жасанды кірпік және тырнақты қоюға рұқсат етіледі.

4. Зәрулікке байланысты қойылған жасанды кірпік пен тырнақты алуға мүмкіндік болмаса, дәрет алғанда оны жуумен шектеледі. Алайда алудың жолы болса, кірпік пен тырнақты алып, орнын жуу міндет.  [1] Сахих Муслим, №4422, 1/222. [2] «Раддул мұхтар», 3/66. [3] Усама ибн Шәриктен жеткен риуаятта, ол былай дейді: «Шөл далада өмір сүретін бір араб келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Дәрі ішіп, емделсек бола ма?» – деп, сұрағанда, Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Емделіңдер, расында, Алла әрбір дертті шипасымен қоса түсірді немесе тек бір ғана дерттен басқасының емін жаратты», – деп жауап берді...» (Сүнән Тирмизи, №2038, 4/383). [4] «Қадая фиқһия муасара», әл-Азһар университеті, 1/34.

[5] Сахих Бухари, №4886, 8/630, Сахих Муслим, №2125, 14/105-107.

[6] Сахих Муслим, №2122.   [7] «Раддул мухтар», 1/272, «Әл-жамиғ ли ахкам әл-Құран», 12/207-208, «Шарху раудат ат-талиб», 3/109, «Әл-муғни», 6/558-559, «Әл-инсаф», 1/452.

Дереккөз: http://fatua.kz/kz/post/view?id=897

Толығырақ ...

Хайыз жағдайында Құран оқудың үкімі қандай?

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.

Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай!   Шариғат бойынша дәреті жоқ, жүніп, хайыз және нифас адамдар Құранды қолмен ұстамайды. Оған мына аят дәлел: ﴿ لَا يَمَسُّهُ إِلَّا الْمُطَهَّرُونَ ﴾ «Оны (Құранды) тазаланғандар ғана ұстайды»[1], – делінген. «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): لا يمسُّ القرآنَ إلا طاهر «Құранды таза адам ғана ұстайды», – деген. Бірақ мұқабасы қапталған Құранды ұстауға рұқсат етіледі.

Сахаба Әбу Уаил Құран кітабын әкелу үшін Әбу Разинге хайыз болып жүрген қызметшісін жіберген. Сонда ол (қызметші әйел) Құранды таңғышпен ұстап (алып келген)[2].

Хайыз, жүніп және нифас жағдайындағы адамдар Құран оқымайды[3]. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): لا يقرأ الجنب ولا الحائض شيئاً من القرآن «Хайыз және жүніп жағдайындағы адам Құраннан ештеңе оқымайды», – деген[4].

Ал Әзіреті Алиден жеткен хадисте: «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құран оқуына жүніп хәлден тыс ешнәрсе бөгет болмаған»[5], – ­­деп айтылған. Имам Тахауи: «Бір аятты екі бөліп оқыса болады», – деген. Ибраһим ан-Нахағи: «Бір аят оқыса да, ештеңе етпейді», – деп, пәтуа берген. «Әл-мухит» кітабында: «Үзірлі және зәру жағдайларда хайыз болған әйел Құран аяттарын дұға, зікір ретінде немесе біреуге әріптеп үйрету ниетімен оқыса, рұқсат етіледі», – делінген[6].

Малики мәзһабында хайыз болған кезде үйренуші мен үйретушінің жағдайы бөлек қарастырылады, яғни оларға Құран оқуға және оны ұстауға рұқсат етіледі. Өйткені, Құран оқымау оны ұмытуға алып барады және үйретуші мен үйренушіге өзіндік залалын тигізеді. Сондай-ақ хайыз бен нифас жағдайындағы әйелдерді жүніп адаммен салыстыруға болмайды. Жүніп адам ғұсыл алып тазалануы мүмкін, ал хайыз бен нифас жағдайындағы әйел кісі белгілі мерзімі бітпей, тазалана алмайды.  Мысыр пәтуа орталығы бұл мәселе жөнінде мынадай тұжырым жасайды: «Тартысқа себеп болмау үшін және Алланың кітабын құрметтеу мақсатында хайыз және нифас кезінде Құранды оқу, ұстауға тыйым салынады деген үкімге тоқталған жөн. Бірақ кейбір жағдайларға байланысты, яғни Құранды жаттау, оқыту және сабақ беру кезінде Құранды ұстауға және оқуға қажеттілік туындаса, онда малики мазхабының үкіміне жүгінуге рұқсат етіледі[7].  

ҮКІМ: Хайыз және нифас кезде әйел-қыздардың Құранды ұстауы, оқуы – харам. Бірақ мына жағдайларда рұқсат етіледі: 1. Құранға қарап және ұстамай, әріптердің дыбысын шығармай (оймен) оқудың оқасы жоқ. 2. Хайыз және нифас жағдайда аяттарды дұға ниетінде оқуға, әр аятты бөліп-бөліп немесе сөздерді жеке-жеке айтуға рұқсат етіледі. Ал қажеттілікке байланысты, яғни мешіттен тыс оқу орындарында сабақ және емтихан (сынақ) кезінде Құранды ұстамай, ауызша оқудың айыбы жоқ.    

  [1] «Уақиға» сүресі, 79-аят.

[2] Бухари риуаят еткен.

[3] «Әл-Һидая», Китаб ат-таһарат, 1/143

. [4] Тирмизи мен Ибн Мажә риуаят еткен.

[5] Әбу Дәуіт мен Нәсаи риуаят еткен.

[6] «Фатху баб әл-ғиная би шархи китаб ан-нуқая», 1/242-243.

[7] «Дар әл-ифта әл-мисрия», №2841.

Дереккөз: http://fatua.kz/kz/post/view?id=896

Толығырақ ...

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қытай Ислам қауымдастығының делегациясын қабылдады

islam-atyrau.kz/23 сәуір, 2019 жыл.  Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Қытай Ислам қауымдастығының төрағасы Хасан Фа Мин бастаған делегацияны қабылдап, әлемдегі қазіргі діни ахуал туралы әңгімелесті.

2019 жылдың 11 сәуірінде Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармасы бірлесіп өткізген «Рухани Жібек Жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманның сын-қатерлері» атты халықаралық конференцияға қатысқан Хасан Фа Мин айтулы шараның мәні мен маңызын атап өтті.

Басқосуда дін қайраткерлері қазіргі заманның сын-қатерлері жайлы пікір алысып, жастарды жат діннің жалған ұрандарынан сақтандыру шараларына бірлесе үн қосу жайлы әңгімелесті. Сонымен қатар, Ұлы жібек жолы елдерінің ортақ рухани картасын жасау туралы пікірлесті.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттыру жайлы уағдаласты.

 

Дереккөз: "Мүфтият. кз"

Толығырақ ...

Бас мүфти Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлмен кездесті

  islam-atyrau.kz/23 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Елордада ауған соғысының ардагері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлмен сұхбаттасты.

Кездесуде жастарды имандылық пен патриоттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақты деструктивті ағымның жалаң ұрандарынан сақтандыру, мүфтияттың қоғамдық деңгейдегі жұмыстарын жандандыра түсу, т.б. мәселелер талқыланды.

Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Бақытбек Смағұлға мүфтияттың жаңа ғимаратын таныстырып, ҚМДБ-ның игі бастамалары жайлы әңгімелеп берді.

Діни басқарманың жұмысымен жіті танысып, ғимаратты аралап көрген депутат Б.Смағұл: «Алла жұмыстарыңызға жар болсын, ғимараттарыңыз құтты болсын», – деп игі ниетін жеткізді.

Кездесу соңында Бас мүфти мен Мәжіліс депутаты бірлескен жобаларды, қоғамдық шараларды бірлесе атқаруға, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында ынтымақтастықты арттыруға сөз байласты.

 

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...

Атырауда Бейбарыс Сұлтанды еске алуға арналған таэквондодан республикалық ашық турнир өтті

  islam-atyrau.kz/23 сәуір, 2019 жыл.  Атырауда таэквондодан Сұлтан Бейбарыс Жамақұлына арналған республикалық турнир өтті.

Балаларменжасөспірімдерарасындаөткен турнирдің ашылу салтанатына Алматыдан батыр бабамыздың жастық шағын сомдаған белгілі актер әрі ҚР Еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Фарxат Аманқұлов пен Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев құрметті қонақ ретінде қатысты.

Турнирдің ашылу рәсімінде сөз алған Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қуанышұлы:  «Алла Елшісі өз хадисінде:  «Күшті қайратты мұсылман әлжуаз мұсылманға қарағанда Алланың алдында сүйкімдірек» деп саушылықтың мәнін терең түсіндірген. Шындығында, спорт - денсаулықтың кепілі.  Жалауын көтерген  бәсеке төрткүл  дүниеге аты мәлім   бабамыз  Бейбарыс Сұлтан Жамақұлына арналды. Бейбарыс сұлтан Жамақұлы өз заманында ислам мәдениетіне орасан зор еңбегі сіңген алып тұлға» деп,  жас сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 200-ге жуық спортшы қатысты.

Тағы бір айта кететін жайт, Атырау облысының жаттықтырушысы Асқар Тоқтабаев Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы атағына ие болды. Қуаныш Сәбитұлы бастаған шәкірттері ұстазының еңбегін бағалап, сый көрсетті.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...