Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

БАС МҮФТИ СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

  islam-atyrau.kz/5 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жамағатымен кездесіп, ұрпақ тәрбиесі жайлы жұма уағызын жүргізді.

«Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти:

«Балаларды сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, махаббат нұрын жаудыру әр ата-ананың міндеті. Бұл тұрғыдағы үлкен идеалымыз – Пайғамбарымыз ﷺ. Ол бірде балаларын еміреніп сүймейтінін айтқан бәдәуиге:  «Алла Тағала жүрегіңдегі мейіріміңді алып қойған болса, мен не істейін енді?» – деп реніш білдірген. Себебі мейірімділікпен өскен бала да мейірімді болады. Мейірімділік жүректі жібітіп, жұмсақтығын жоғалтпауын қамтамасыз етсе, қатыгездік пен салқындық, керісінше, жүректі қатайтады.  Әдепті болу, қай кезде де текті тәрбиенің жемісін көрсету деген сөз. Міне, мұндай ұрпақ, Абайша айтсақ, ата-ананың көз қуанышы, қызығы мен сүйініші», - деп атап өтті.

Сондай ақ, Бас мүфти қалалық «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, жаңа тағайындалған бас имам Нұрлан Рмазановқа мешіт жұмысын жандандыра түсуді тапсыра келе, қызметіне табыс тіледі. 

 

Дереккөз: "Мүфтият. кз"

 

 

 

Толығырақ ...

Атырау мешіттерінде жерлеу және жаназа рәсіміне байланысты уағыз айтылды

   islam-atyrau.kz/5 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен атыраулық имам-молдалардың жаназа және жерлеу рәсімдеріне байланысты үндеу қабылдағаны белгілі.

         Бүгін жұма намазында Атырау облысына қарасты қалалық, аудандық және ауыл мешіттерінде жерлеу және жаназа рәсімдерін шариғаттан аттамай өткізу тақырыбында кеңінен уағыз-насихат айтылды. «Мәселен, біз Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров бекіткен Имамдар үндеуін жамағатқа 1000 дана басып шығарып тараттық» дейді Атырау қаласындағы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев.

        Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешітінде және Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде Үндеу көшірмесінің 400 данасы мешіт жамағатына үлестірілді. «Халық бұл бастаманы қолдап жатыр. Шариғатымызға тән қарапайымдылықты күнделікті тұрмысымызда ұстанғанымыз әлдеқайда абзарылақ» дейді атыраулық имамдар.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Атыраулық имамдар Республикалық ақпараттық насихаттық топтың құрамына өтті

islam-atyrau.kz/5 сәуір, 2019 жыл.  Атыраулық имамдар - Өсімхан Аманбайұлы және Ардақ Жұмабекұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық ақпараттық насихаттық топтың құрамына өтті.

Насихаттық топ мүшелері Нұр – Сұлтан қаласында мүфтияттың Орталық аппаратында арнайы сынақ тапсырды. Яғни, дін қызметкерлері тест және ауызша түрдегі емтихан сұрақтарына жауап берді.Электронды емтихан сұрақтарына фиқһ, сира, ҚР заңдары мен заңнамалары, тарих, т.б. пәндер енгізілген. Мақсат – дін қызметкерлері арасында сараптама жүргізіп, білім деңгейін анықтау. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз тест тапсыру шарасына арнайы қатысып, емтихан жүргізу барысымен танысты.

«Біз дін қызметкерлерін әрдайым жетілдіріп отыруымыз керек. Имамдар тек діни біліммен шектеліп қалмауы тиіс. РАНТ тобының нәтижелі жұмысының арқасында өткен жылы 347 азамат радикалды райынан қайтты», – деп атап өтті Серікбай Сатыбалдыұлы.

Сынақтан сүрінбей өткен дін мамандары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың қолынан республикалық ақпараттық насихаттық топтың мүшелігін растайтын куәлік алды.

Айта кетелік, 2018 жылы Республикалық ақпараттық насихаттық топ құрамында 28 адам жұмыс істеді. Өңірлер бойынша 250-ге жуық жалпы кездесу, 150 жеке кездесу өтті.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Әжелер мектебі дөңгелек үстел өткізді

islam-atyrau.kz/5 сәуір, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі жанындағы Әжелер мектебінің ұйымдастыруымен, орталық «Иманғали» мешітінде дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында күллі мұсылман қауымы үшін айрықша орны бар Әл-Ақса мешітіне зиярат жасап келген Әжелер мектебінің жетекшісі Жұмагүл қажы Нәсиқызы мен Айсұлуқажы Қайырқызы алған әсерлері, ғибадат мекенінің ерекшеліктері туралы әңгімеледі.

«Әл-Ақса мұсылмандардың жүрегінде ерекше орынға ие – ол Исламның үшінші қасиетті мекені. Осы жерге Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Исра мен Миғраж сапарында апарылған болатын.  Бұл мешіт ең ғажайып басқосудың куәгері болды – барлық Пайғамбарлар (әлейһим сәләм) Алла елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ұйып намаз оқыды» деп атап өтті  Әжелер мектебінің жетекшісі Жұмагүл Нәсиқызы.

Еске сала кетелік, әлемге мәшһүр әл-Ғазали осында өмір сүріп еңбектерін жазған еді. Имам әл-Ғазалидің қолымен жазылған ислам әдебиетіндегі ең танымал кітаптардың бірі «Ихьә улуму әд-Дин». Бұл адам – адамның терең болмысына әсер ете алу қасиетімен ерекшеленіп,  Ислам ғылымында беделге ие болып, Құран ілімі мен Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне берік болған. «Көбіміз әл-Ғазалидің әл-Ақса мешітінде біраз өмір сүріп, өзінің бір еңбегін жазғаны жайында білмейміз. Ғимаратта оның ескі бөлмесі ерекшеленіп көрсетілген» деді Әжелер мектебінің  мүшесі Айсұлу Қайырқызы.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...