Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Шағбан айының кереметі

Шағбан айы – қасиетті Рамазан айын сүйіншілейтін, әрі оған пендені дайындайтын ай. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл айда өзге айлардағы әдетінен көбірек ораза тұтатын болған.

Айша анамыз (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы айдағы құлшылығын былайша жеткізеді: «(Пайғамбардың) Шағбан айындағыдай көп ораза ұстағандығын көрмедім» (Мүслім, Сиям, 176);

Тағы бір хадисте: «Шағбан – адамдардың басым көпшілігінің Рамазан мен Ережеп айларының ортасында мән бермей кететін айы. Бұл айда амалдар Алла Тағаланың құзырына көтеріледі. Мен де амалдарымның ораза ұстаған кезімде Алланың құзырына көтерілгенін қалаймын» деген (Нисаи, Саум, 70).

Шағбан айында сауаптар еселеніп қана қоймай, күнәлардың кешірілуі мен дұға-тілектердің қабыл болу мүмкіндігі молая түседі. Себебі, Шағбан айындағы елеулі де, ерекше сәттердің бірі – Бәраат түні. Бұл түн биыл сәуір айының 19-нaн 20-сына қараған түнге сәйкес келеді. Бұл түн – періштелер жер бетіне түсетін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Сондықтан, бұл түнді Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп салауат айтып, Алладан біліп-білмей істеген күнәларымыздың кешірілуін тілеп (истиғфар), дұға, ғибадат, құлшылықпен өткізген абзал. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін», – деп таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді», – дей келе, «Алла Тағала шағбан айының он бесінші түні (Бәраат түні) жер бетіне мейірім жаудырып, өзіне серік қосқандар мен ата-анаға қарсы шыққандардан басқаларды кешіреді», – деп те айтқаны бар (Сүнән ибн Мажә, Иқамәтус Салат, 191).

Халқымыз осындай қасиетті айлар жайында хабардар болса, әркім шама-шарқына қарай амал-әрекет жасап, құлшылығын арнаса, Жаратушы Алланың жарылқауына бөленері де сөзсіз, инша Алла! Олай болса, қайырымы мол айлардан құр алақан қалмай, сауапты істерді молайтқанымыз жөн.

Батыржан МАНСҰРОВ,

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі,

«Иманғали» орталық мешітінің бас имамы.

Толығырақ ...

Республикалық Құран байқауының Атырау бойынша іріктеу сайысы өтті (фото)

 Бүгін Атырауда сегізінші республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті. Орталық "Иманғали" мешітінде өткен сайысқа Атырау облысы бойынша үміткерлер қатысты.

Толығырақ ...