Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас жүлде - Умра қажылығына жолдама: Атырауда ересектер арасында Құран жарысы өтеді

 islam-atyrau.kz/11 мамыр, 2019 жыл.   Қасиетті Рамазан айы қарсаңында жергілікті журналистер үшін баспасөз-конференциясын өткізген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров сауабы мол айдың құрметіне мұнайлы өлкеде Құран жарысы өтетіндігін хабарлаған болатын.

Міне, Атырауда тағы да ересектер арасында Құран жарысы бәйгесі жарияланып отыр. 26 мамырға белгіленген бәйгеге облыстың 12-35 жас аралығындағы үміткерлері қатыса алады. Басты талап - тәжуид ережесін сақтай отырып, "Нәс" сүресінен "Нәба" сүресіне дейін сүрелерді жатқа оқу. Жүлде қоры - 850 000  теңге!

Бірінші орын алған үміткер Умра қажылығына (400 мың теңге) жолдаманы иелене алады. Екінші орынға 200 мың теңге, үшінші орынға 100  мың теңге беріледі. Ынталандыру сыйлығы үш үміткерге тең бөлінеді. Бұл сыйлықтың мөлшері  - 50 мың теңге. Рухани бәйгеге қатысамын деуші үміткерлер 24 мамыр сағат 18.00- ге дейін тіркеліп үлгеруі тиіс. Бәйгенің өтетін орыны - орталық "Иманғали" мешіті. 

Қосымша сұрақтар бойынша анықтама телефоны: 8 708 524 98 94

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі.

Толығырақ ...

Рамазан айшықтары: Сұлтан Бейбарыс мешітінде тегін нан үлестірілді (+ ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/11 мамыр, 2019 жыл.  Нұр шашқан Рамазан айының құрметіне Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Қасиетті жұма күні мешітке келген барша жамағатқа тегін нан үлестірілді. Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиевтың бастамасымен жүзеге асқан акцияны мешіт жамағаты жылы қабылдады.

Сондай ақ, жуырдаға ғана өткен республикалық Құран жарысында қасиетті Құранды мәнерлеп оқудан сынға түсіп, екінші орынды иеленген атыраулық Ұлан Балтабайұлы арнайы шақыртылды. Республикалық конкурс жеңімпазы Ұлан Балтабайұлы "Кәһф" сүресін оқып, мешітте азан шақырды. 

"Біздің мешітімізде "Аяттан - амалға" жобасының іске қосылғаны белгілі. Жоба аясында біз қоғамды ата-ананы қадірлеуге, мұқтаж жандарға қамқор болып, қайырымдылық іске жақын жүруге үндеген видеороликтерді түсіріп тараттық. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттаумен бірге, Рамазанға құрметті арттыру мақсатында мешіт ақсақалдарының дүкендерді аралап, алькогольді ішімдіктерді сатпауға шақырып, үндеу жасағаны да белгілі. Мешітте тегін нан үлестіру де осы жобаның заңды жалғасы іспетті. Себебі, ізгілікті істер адамдарды жақындата түседі, жүректер жылиды" дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев. 

 Аталмыш мешітте күніге 100 адамға ауызашар дастарханы берілуде. Еске сала кетелік, биыл ораза отыз күн. Пітір садақа мөлшері - 300 теңге. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі. 

 

Толығырақ ...

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте бүлдіршіндер үшін жазғы сауат ашу курсы жұмысын бастады

islam-atyrau.kz/11 мамыр, 2019 жыл.   Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте бүлдіршін ұл-қыздарымыз үшін жазғы сауат ашу курсы жұмысын бастады.

"Бүлдіршіндерге дәріс  Рамазан айы бойы жүреді. Дәріс қазіргі таңда екі мезгілде өтіп жатыр. Ұл балалар және қыз балалар үшін сабақ таңғы сағат 9.00-11.00 мен 16.00-18.00 аралығында өтуде. Қазіргі уақытта лагерьге қатысушы балалардың саны отызға жетті" дейді  Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев. 

Жас шәкірттерге мешіт ұстаздары "Құран әліппесі", "Тәжуид", "Пайғамбарлар тарихы", "Ахлақ" тақырыптары бойынша дәріс беруде. 

Сондай ақ, дәріс ересектер арасында да жалғасып жатыр. Ілім іздеушілерге қазіргі таңда "Құран Кәрім", "Фиһқ" тақырыптары бойынша сабақ жүруде. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі. 

 

Толығырақ ...

Атырауда бүлдіршіндер арасында облыс деңгейіндегі Құран жарысы өтеді

islam-atyrau.kz/11 мамыр, 2019 жыл.  Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атыраудың бас мешітінде бүлдіршіндер  арасында Құран жарысы өтеді. 

19 мамыр күніне белгіленіп отырған Құран жарысына  12 жасқа дейінгі бүлдіршіндер қатыса алады.

Бүлдіршіндерге қойылатын басты талап - тәжуид ережесін сақтай отырып, "Нәс" сүресінен "Зілзәла" сүресіне дейін сүрелерді жатқа оқу. 

Орталық "Иманғали" мешітінде өтетін сайысқа үш жүлделі орын, үш ынталандыру сыйлығы белгіленіп отыр. Жүлде қоры - 280 мың теңге.

Бірінші орынның сыйлығы - 100 мың теңге, екінші орынның сыйлығы - 70 мың теңге, үшінші орынның сыйлығы - 50 мың теңге. Ынталандыру сыйлығы үш қатысушыға беріледі. Мұның сыйлығы - 20  мың теңге. 

Облыс деңгейінде өтетін шараға қатысушы үміткерлер 17 мамырға дейін тіркелуі тиіс. Қосымша сұрақтар бойынша анықтама телефоны: 8 708 524 98 94

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі. 

 

Толығырақ ...