Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

БАС МҮФТИ «ЖУСАН-2» ОПЕРАЦИЯСЫ БОЙЫНША СҰХБАТ БЕРДІ (ФОТО)

 islam-atyrau.kz/17 мамыр, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Жусан-2» операциясына қатысты «Хабар 24» арнасына сұхбат берді.

Белгілі тележурналист Зейін Әліпбек жүргізген бағдарламада Бас мүфти:

«Қазақстан өз азаматтарының әлемнің қай қиырында жүргеніне қарамастан олардың тағдырына қашан да алаңдайды. «Жусан» операциясының жалғасы бойынша жүзеге асқан бұл гуманитарлық шара соның айқын көрінісі. Лаңкестік ұйымдардан зардап шеккен азаматтарға мемлекет тарапынан моралдық, материалдық тұрғыдан жан-жақты көмек көрсетілуде. Қоғамға бейімдеу жұмыстарының нәтижесінде олар қызметке орналасып, ағайын-туыстарымен қауышты, ал балалары бала-бақшаға баруда. Өкпеге қисақ та, өлімге қимайтын халықпыз ғой», – деп атап өтті.

Бағдарлама бүгін, 2019 жылдың 17 мамырында сағат 21:30-да «Хабар 24» арнасынан көрсетіледі.

 

 

Дереккөз: "Мүфтият. кз"

 
Толығырақ ...

Атырау: Бас имам Батыржан Мансұров Жылыой мешітіне қызметтік көліктің кілтін тапсырды

islam-atyrau.kz/17 мамыр, 2019 жыл. Бүгін Жылыой ауданының орталық мешітіне қызметтік көлік сыйға тартылды. Темір тұлпардың кілтін  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаевқа салтанатты жағдайда жұма намазы кезінде табыс етті.

Жұма намазы алдында жамағат алдында сөз сөйлеген Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров су жаңа Renault Duster көлігін мешітке сыйға тартқан жергілікті кәсіпкер, «Мако» ЖШС басшысы Келбатыр Құлғазиевке алғыс айтып, иығына шапан жапты.

«Асыл дініміздің дамуы жолында Келбатыр Құлғазиев ағамыз үнемі өз үлесін қосып келеді. Жүрегі дін деп соққан ағамыз бұған дейін республикалық, облыстық деңгейде өткен азан жарысы, Құран жарысына демеушілік жасап, медресе, мешіт құрылыстарына қаржылай қолдау көрсетіп жүр. Алла разылығы жолында атқарып жатқан игі істеріңіздің сауабы мол болғай» деп атап өтті облыстың Бас имамы Батыржан Мансұров.

Салтанатты шара барысында «Мако» ЖШС басшысы Келбатыр Құлғазиев аймақта, соның ішінде Жылыой ауданында имандылық, ізгілік, асыл дінімізді тарату жолында игі жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты. «Жылыойдың орталық мешіті ашылған уақытта жамағаттың саны әрі кетсе бес-алты адамнан аспайтын еді. Қазір жамағаттың саны 2000-нан асты. Жұма намазы кезінде жамағат мешітке сыймай кетеді. Бұл керемет көрініс» деп атап өтті ол.

Қасиетті Рамазан айындағы игі жаңалықты жергілікті жамағат  қуана қабылдады.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...