Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау: Бас имам 1 миллион теңге көлеміндегі зекетті 40 отбасыға таратып берді

islam-atyrau.kz/23 мамыр, 2019 жыл. Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров 1 миллион теңге көлеміндегі зекетті 40 отбасыға таратып берді.

Негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жандарды қамтыған шара кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров Рамазанның зекет айы екендігін атап өтті.

«Рамазан – зекет айы. Рамазан – рақымшылық айы. Осынау қасиетті айда көп адам сауапты амал жасауға асығады. Алла Тағала біреуге дәулет, мал-мүлік береді. Дәулеті жеткен азаматтар Рамазанда мал-мүлкінің белгілі бір бөлігінен зекет береді. Ал, жағдайы жетпеген азаматтар Алла Тағаланы зікір ету арқылы, сауапқа кенеледі» деді Бас имам Батыржан Мансұров.

 

 

 Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Жұлдыз мешітінде жамағатқа күніге су, құрма таратылуда

 

islam-atyrau.kz/23 мамыр, 2019 жыл. Нұр шашқан Рамазан айының құрметіне Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте жамағатқа күніге құтыдағы ауыз суы мен құрма таратылуда.

 

«Қазіргі таңда мешітте 250 адамға ауызашар берілуде. Күнделікті тақырыбымыз – Рамазан айында ізгі іс жасау мүмкіндігін пайдалануға арналып отыр. Әр мұсылман баласы бұл айда ниетін, ықыласын түзеуге асығуы керек. Себебі, Рамазан әр істен сауап алуға болатын ерекше қадірлі ай» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі 

 

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ – ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

 islam-atyrau.kz/23 мамыр, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының арнайы шақыруымен осы оқу ордасында өткен ауызашар дастарханында болып, студенттерге дәріс оқыды.

Ауызашарға ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов, «Нұр Мүбәрак» университетінің ректоры, доктор Мұхаммед Шахат әл-Жинди, ҚМДБ Діни істер бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет қатысты.

Берекелі басқосуда алғашқы сөз алған Бас мүфти қасиетті рамазан айының артықшылығы мен құндылығы жайлы айта келе:

«Біздің ұлтымыз өскелең ұрпақтың жадына «обал болады» немесе «сауап болады» деген ұғымды сіңірген. «Обал болады» мен «сауап болады»-ның түпкі мәні тереңде. Нан қиқымын шашу – обал болады. Біреудің ала жібін аттау – обал болады. Өзгенің хақысын жеу – обал болады. Қарияға құрмет – сауап болады. Жабырқаған жанның жүрегіне үміт сыйлау – сауап болады. Міне, қарап отырсаңыз осының бәрі отбасыдан басталатын тәрбие негіздері. Біз сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан халқымыздың осындай қасиетті ұғымдарын жастарымыздың санасына сіңіре беруіміз керек», – деп атап өтті.

Кездесу соңында ректор Ғалымқайыр Мұтанов өзінің шақыруын қабыл алып, арнайы келіп, жастарға дәріс оқыған Серікбай қажы Сатыбалдыұлына алғысын жеткізді.

 

 

 

 

Толығырақ ...