Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Алла пенделерін не үшін сынайды?

– Мен енді дінге бет бұрып жатырмын бірақ мазалайтын бір сұрағым бар еді. Алла ең құдіретті бәрін көргіш, естігіш. Бірақ соған қарамастан біле отырып пенделерін неге сынайды?

– Бұл сұрақты бірнеше тұрғыдан қарастырсақ болады. Біріншіден, Алла Тағалаға қатысты қашан, қайда, қалай, неге деген сұрақтар қойылмайды. Бәлкім, мұндай сауалдар пендеге ғана қойылады. Өйткені Аллаға қатысты қашан деген сұрақ қойылса уақытқа, қайда деген орынға, қалай деген бір кейіпке тәуелді етіп қояды. Алла бұлардан пәк. Ал неге деген сұрақтың туындысы Алланы Тәңір екендігін мойындамағаны болып қалады. Алла қалаушы, Оның қалағаны болады, қаламағаны болмайды. Тіршілік иелерін өлтіру, тірілту, бақытты не бақытсыз ету, бай не кедей болу Алланың еркінде. Сен неге олай істедің деп айта алмаймыз. Бірақ Алла рақметімен өзіне мойынсұнғанға сауап, қарсы келгенге әділдігімен азап береді. Сондықтан Жаратқан Ие Өз істері туралы сұралмайды, керісінше, біз, пенделер әрбір ісіміз жайында сұраламыз. Алла Құранда былай деді: «Ол істегендерінен сұралмайды да, олар сұралады»[1].

Екіншіден, Алла тарапынан келген сынақтарды дұрыс қабылдау. Алла және Оның Елшісі (с.ғ.с.) тарапынан келген үкімдер мен заңдардың түп-тамыры бұлжымас ақиқаттың хикметіне (даналығына) құрылған. Пайғамбарларына (с.ғ.с.) сеніп, иман келтіруші мұсылман ол хикметті білсе де, білмесе де дұрыс қабылдауға тиісті. Себебі мұның бәрі ақиқатқа бастау үшін Алла Тағаланың өзі жақсы көрген құлдарына жолдаған бір сынағы.

Үшіншіден, cынақ адамдардың күнә-қателіктеріне өтем түрінде жіберілуі мүмкін. Сынаушы Алла. Сынақты беруші де Алла. Сондай-ақ, Алла Тағаланың көркем сипатының бірі – Кешірімді. Кешіруші де, Жаратушы да Өзі. Алланың мейірімдігі соншалық мүміндерге түрлі сынақтар жіберу арқылы олардың қателіктері мен күнәларын жуып-шайып отырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):  ما يصيب المسلم من هم، ولا حزن، ولا وصب، ولا نصب، ولا أذى حتى الشوكة يشاكها إلا كفر الله بها من خطاياه «Мұсылманға қандай да бір қайғы, қасірет, ауру, қиыншылық, зиян келсе, тіпті кірген тікен де Алла осымен оның күнәларын кешіреді»[2] Төртіншіден, cынақтар мүміннің дәрежесін көтеруге сеп болады. Байыптай қарайтын болсақ адамға берілетін сынақтар да пайғамбарларға берілген сынақтар іспетті. Дәрежесін көтеріп, жақсылықтарын көбейтудей оңды жақтары анық көрінеді. Пенде өзіне берілген сынақ қиыншылығына сабырмен қарап, Жаратушының сынағы екенін шындап біліп, Алланың елшілерінен жеткен амалдармен одан жақсы өтсе, оның екі дүниедегі дәрежесі жоғарыламақ. Пайғамбарлардың өміріндегі істер, міне, осы сөзімізге дәлел емес пе? Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мүбәрак хадисінде былай дейді:  أشد الناس بلاء الأنبياء، ثم الأمثل فالأمثل... فما يبرح البلاء بالعبد حتى يتركه يمشي على الأرض وما عليه خطيئة «Адамдардың ең қатты сыналытындары – пайғамбарлар, кейін әркім дәрежесіне сай сынаққа алынады...Пенде жер бетінде күнәсіз жүрмейінше сынаққа алына береді»[3] Ғалымдар былай дейді: «Пайғамбарларға берілген сынақ-күнәларын кешіру немесе жазасын беру емес, бәлкім, сауабы еселеніп, сабырлықтары жүзеге асу үшін сынаққа алынады». Бесіншіден, cынақтар мұсылмандарды екіжүзділерден айыру үшін жіберіледі. Алла Тағала былай дейді: أَحَسِبَ النَّاسُ أَنْ يُتْرَكُوا أَنْ يَقُولُوا آمَنَّا وَهُمْ لا يُفْتَنُونَ * وَلَقَدْ فَتَنَّا الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَلَيَعْلَمَنَّ اللَّهُ الَّذِينَ صَدَقُوا وَلَيَعْلَمَنَّ الْكَاذِبِينَ «Адамдар: "Сендік" деумен сыналмай қойылатындықтарын ойлай ма? Рас, олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте, шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі»[4].

Әрине, Алла шыншыл мүміндерді басқаларынан айыру үшін, кім сабырлы, кім сабырсыз екенін білдіру үшін сынайды. Анықтап айтар болсақ, екіжүзділер Жаратушының берген ауыр сынақтарына сабырлық етпей, оның қайыры боларын ұмытып "Сендік" деген сөзінен танса, ал кәміл мұсылмандар ондайда өзін жақсы көретін Жаратушысына иман келтіріп, сабырлық танытпақ. Алтыншы, мүміннің кейбір күнәларының жазасы болуы мүмкін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):  إن الرجل ليحرم الرزق بالذنب يصيب... «Әлбетте, кісі күнәсі себепті ризықтан құр қалады...»[5]. Жетінші, мүмінге сабырлы, шүкірлі жандардың сауабына жету үшін, басына түскен қиыншылық пен сынаққа сабыр етуі керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): عجباً لأمر المؤمن إن أمره كله خير، وليس ذلك لأحد إلا للمؤمن: إن أصابته سراء شكر فكان خيراً له، وإن أصابته ضراء صبر فكان خيراً له «Мүміннің істері ғажап, оның істеген істерінің барлығы қайырлы. Бұл нәрсе тек мүмінге ғана берілген. Егер қуанышқа бөленсе, шүкір етеді, ол оған жақсы. Егер басына қиыншылық түссе сабыр етеді, ол да оған жақсы»[6]. Бұл хадистен аңғарғанымыз қуанышқа, нығметке бөленген момын жақсылыққа ие болу үшін Раббысына шүкірлік етуі тиіс. Өйткені Алла шүкір етушілерді жақсы көреді, әрі оларға нығметін арттырып береді. Алла Тағала айтты:  لَئِنْ شَكَرْتُمْ لَأَزِيدَنَّكُمْ «Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін»[7]. Сол сияқты басына қайғы түскен мүмін сабырлылардың сауабына жету үшін сынаққа алынатынын да аңғарамыз. Алла Тағала Құранда: «Кейде бір қорқыныш-үрей төндіру, таршылық жасау, мал-жандарыңа кемшілік келтіру, өнімдеріңді азайту арқылы Біз сендерді сынға аламыз. Осындай тауқымет келген шақта: Біз Алланың пендесіміз және оның алдына қайтып, барамыз»,–деп сабыр сақтаушыларды (ей, Мұхаммед!) сен қуандыр. Алланың рақымы мен ықыласына лайықты жандар – солар, тура жолдан аумайтындар да солар»[8], – деген. Бұл жайлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде де келген.  إذا مات ولد العبد، قال الله لملائكته: قبضتم ولد عبدي؟ فيقولون: نعم. فيقول: ماذا قال عبدي؟ فيقولون: حمدك واسترجع، فيقول الله تعالى: ابنوا لعبدي بيتاً في الجنة، وسموه بيت الحمد Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер адам баласы қайтыс болса, Алла періштелеріне (біле тұра) құлымның баласының жанын алдыңдар ма? – деп сұрайды. Олар: “Ия” деп жауап береді. Ол: құлым не деп айтты дегенде, періштелер: «Ол сені мадақтап, (إِنَّا لِلَّهِ وَإِنَّا إِلَيْهِ رَاجِعُونَ) «Біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз» – деп айтты. Сонда Алла Тағала: «Құлыма жәннаттан үй салыңдар да, оны «мақтау» үйі деп атаңдар деді»[9]. Міне, бұл – сынақтың хикметтері. Жалған дүние болған соң, сыналмайтын пенде жоқ. Мұндай жағдайда біз өзімізге жүктелген нәрселерді орындауға тиіспіз. Олар: 1. Бұл істің барлығы Алладан деп сеніп, оны тек Алланың өзіне тапсыру. 2. Алланың әміріне қарсы шықпай, ашуға берілмей, заманды сөкпей, шариғат аясында болу. 3. Сынаққа төтеп беру үшін пайдалы себептерді ұстану (мыс: дертіне ем іздеу). 4. Алладан кешірім сұрап, істеген істеріне тәубе ету. Алланың Елшісі (с.ғ.с): «Алла кімге жақсылық қаласа, оны сынайды»,-деген. Алла баршамызды сабырлы, шүкірлі пенделерінен етсін! Сынағының қайыры мен жеңілдіктерін бергей! 

   [1] «Әнбия» сүресі 23-аят.

[2] Мүсілім риуаяты.

[3] Бұхари риуаяты.

[4] «Әнкабут» сүресі, 2-3 аятттар.

[5] Ахмад, Нәсәии, Ибн Мәжә, Ибн Хиббан, Хәкім.

[6] Мүсілім риуаяты.

[7] «Ибраһим сүресі, 7-аят.

[8] «Бақара» сүресі, 155-157 аяттар.

[9] Термези, хасан хадис.

Дереккөз: http://fatua.kz/kz/post/view?id=837

Толығырақ ...

Підияға қатысты үкімдер қандай?

Ислам дінінде бұйырылған белгілі бір құлшылықтың орнына төлем жасау «підия» деп аталады.

Алла Тағала: أَيَّامًا مَّعْدُودَاتٍ ۚ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضًا أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِّنْ أَيَّامٍ أُخَرَ ۚ وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ ۖ «Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек»[1] деді.

Туберкулез, қатерлі ісік, қант диабеті, асқазан жарасы (язва), тыныс және жүрек демікпесі (астма) секілді сауығуына күдер үзген ауруға шалдыққан науқастар және жасы үлкен егде адамдар ауыз бекітуге шамасы келмесе, ораза ұстамайды. Оның орнына підия береді. Підия садақасы – ол орта есеппен бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның ең аз мөлшері биыл 1500 (бір мың бес жүз) теңге деп белгіленді[2].

Підияны бірден рамазан айының басында немесе соңында беруге болады. Сондай-ақ бірнеше күннің підиясын бір адамға немесе бірнеше адамға бөліп берудің оқасы жоқ. Бұл садақаны халықтың кедей топтарына, тұрмыстық жағдайы төмен көп балалы отбасына, халі нашар мүгедек жандарға үлестірген абзал. Егер підия беруге жағдайы болмаса, төлемнен азат етіледі, Алла Тағаладан кешірім тілейді. Алдағы уақытта науқас ауруынан айығып кетсе, дәрменсіз адам күш алса, үзірі кеткен боп саналады да, берген підиясы жәй садақаға айналады. Яғни, ол адам бұрынғы оразалардың қазасын өтейді[3].

Өйткені, підия беру үшін науқастың әлсіздік, сырқатты жағдайы өліміне шейін жалғасуы шарт. Рамазан айының қазасын өтей алмаған адам ажалы таяп, өлер шағында артындағыларға қалған малынан підия беруді өсиет етеді. Бұл өсиет марқұмның мал-мүлкінің үштен бірінен жұмсалады. Рамазан айының күн сайынғы оразасы үшін және қаза болған әр намазы үшін підия беріледі. Підияны өлі адамды жерлегеннен кейін беруге болады, бірақ жерлемей бұрын берген абзал. Егер ораза ұстаған адамның ауру, әлсіздік секілді қиындық тудыратын халі уақытша құбылыс болса, қалған күндерін рамазан айынан кейін толтырып береді. Қаза оразаны үздіксіз тұту шарт емес. Қаласа бөліп, қаласа үздіксіз тұтады. Қазасын келесі оразаға шейін ұстап үлгермесе, онда ол оразаны рамазан айынан кейін өтейді.  

 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі  

  [1] «Бақара» сүресі, 184-аят.

[2] Бір адамның ең төменгі бір мезгіл тойып ішетін ас-суының құны шамамен 750 теңге деп алынды. Дегенмен шариғатта підияның құны пітір садақаның мөлшерімен де есептелуі мүмкін.

[3] «Әл-фәтауа әл-һиндия», 1/270.

Дереккөз: http://fatua.kz/kz/post/view?id=901

Толығырақ ...

Укол салса, ораза бұзыла ма?

Сұрақ: Укол салса, ораза бұзыла ма?

Жауап: Негізінде, шариғат бойынша табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірген нәрсе оразаны бұзады. Ал дене арқылы кірген нәрсе оразаны бұзбайды. Оған وما يدخلُ من مسامِّ البدن من الدُّهنِ لا يفطرُ Терідегі ұсақ тесіктер арқылы май секілді заттың ішке кіруі оразаны бұзбайды[1], деген пәтуа дәлел. Имам Әбу Юсуф пен Имам Мухаммад (Алла оларды рақым етсін) бұл үкімді былай тұжырымдаған: لا يفسد الصوم في دواء الجراحة النافذة إلى البطن و دواء الجراحة النافذة إلى الدماغ، لأن الشرط عندهما الوصول من منفذ أصلي، و لعدم التيقين بالوصول لاحتمال ضيق المنفذ و انسداده بالدواء Қарындағы және бастағы терең жараны емдеу оразаны бұзбайды. Өйткені олардың пікірі бойынша дәрінің ішке негізгі (табиғи) жолдармен баруы шарт. Сондай-ақ жара арқылы ішке баратын жолдың тығыздылығынан және емделу барысында оның бітеліп қалуынан дәрінің ішке жетуі екіталай[2]. Бірақ Имам Әбу Ханифа (Алла оны рақым етсін): و لو داوى جائفة أو آمّة بدواء، فوصل إلى جوفه أو دماغه أفطر Қарындағы немесе бастағы терең жараны емдегенде дәрі ішке немесе бас миға жеткені үшін ораза бұзылады, деген және сұйық дәрінің ішке, бас миға жететінін ескерткен[3]. Қазіргі заман ғалымдары укол арқылы салынатын дәрілерді ас-су сияқты денеге азық, қуат болатын және емделу үшін (денеге қуат, азық болмайтын) етіп, екіге бөліп қарастырады. من الأمور لا تُفسد الصوم الحقنة الطبّية (الإبرة) في العضل أو تحت الجلدِ إذا كانت مادّة الدواء للعلاج و ليست للتّقوية و التّغذية. أما الحقنة في الوريد (الإبرة في العرق و ليس السيروم) فقد اختلف فيها العلماء، و الأكثرون على أنّـها لا تُفطر Тері астына және бұлшық етке емделу үшін (денеге қуат, азық болмайтын) укол салса, ауыз ашылмайды. Бірақ көк тамырға укол салу (қан құюдан басқа) мәселесінде ғалымдардың көзқарастары бірдей емес. Көп ғалымдар тамырға салынатын укол денеге қуат, азық болмаса, ораза бұзылмайды, дейді[4]. Осыған орай, емделу және аурудың алдын алу мақсатында денеге (тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға) ине шаншып, ішке ас-судың орнын баспайтын пенициллин, инсулин, екпе, дененің белсенділігін арттыратын, ауырсынуды басатын, денені мұздататын, дене қызуын кемітетін дәрілер мен дәрумендерді қолдану оразаны бұзбайды. Сондықтан ораза тұтатын адам алдымен дәрігерден уколдың қандай дәрі екенін сұрап білуі керек. Алайда, ораза кезінде укол салу қатты қажет болмаса, оны ауыз ашқаннан кейін немесе рамазан айынан тыс күндерге қалдырған абзал.   

  ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

[1] «Әл-фәтауа әл-һиндия», 1/266.

[2] «Әл-фиқһ әл-ханафи уә адилләтуһу», 1/392.

[3] «Әл-һидая шарху бидаят әл-мубтади», 1/557.

[4] «Әл-муфассал фи әл-фиқһ әл-ханафи», 276.

 

Дереккөз:  http://fatua.kz/kz/post/view?id=900

Толығырақ ...

Оразаның медициналық пайдасы

Біздің баршамыз өмірді жақсы көреміз әрі барынша қуанышты ұзақ өмір сүру үшін жас әрі жігерлі болғымыз келеді.
Осы мақсатта адамдар әрдайым өмірді ұзартпаса да, кем дегенде сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін барлық әдістер мен жүйелерді жасаған.
Уақыт керуені алдыға жылжыған сайын адам өз денесінің үздіксіз жұмыс істейтін машина емес екендігін түсінеді әрі оған көмек керек. Бүгінгі таңда адамның жасару мәселесімен медицина ғылымы айналысады. Көпшілігіміз оны түсініп, барлық стандартты нұсқауларды білеміз, алайда, олар қандай да бір себеппен сіздің нақтылы жағдайыңызға көмектеспейтіндігі белгілі. Дегенмен, адамзаттың шынымен денені зақымдайтын және емдейтін толық жүйесі бар. Бұл Алланың жүйесі - Ислам. Ал бүгін біз сіздерге оның шағын бөлігі туралы айтатын боламыз, ол - оразаның бірқатар өзгеше қырлары.
Ораза жайында қасиетті Құранда былайша баяндалады:

"Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы" 

«Білетіндер» (Ғалымдар) - оразаны тиісті мөлшерде түсініп, бағалайтын ғалымдар. Біз оның артықшылықтарын медициналық тұрғыдан талдаймыз. Ислам әлеміндегі әйгілі төрт мәзхабтың бірін қалаған көрнекті ғалым, ағартушы Имам Шафиғидің айтуынша: «Тек екі ғылым бар: діннің ғылымы және дененің ғылымы». Жалпы айтқанда, дін ғылымы рухани нәрселер туралы айтады, ал дененің ғылымы материалдық игілік жайында баяндайды.
Сондықтан бізге адамның психологиясы мен физикалық жағдайын қамтитын оразаның медициналық пайдасын ғана бағалауға жеткілікті, ал содан кейін басқа артықшылықтары да айқындалады.

Мәселен, оразаның ерекшелігі - дененің жасаруы. Осыдан экономикалық және әлеуметтік пайдалары ерекшеленеді. Ораза адамдардың ауруханадағы мерзімін айтарлықтай қысқартады және олардың психикалық әрі физикалық белсенділігін арттырады. Тағамға қатысты медициналық зерттеулер бұл жөнінде жан-жақты дәлелдеген. Біз бұл мақалада қартаюға қарсы күресте оразаның тигізетін септігі жайында баяндаймыз.

Бүгінде ғалымдар жасы ұлғайған шақтағы зиянды жою жолдарын табуға тырысуда. Соңғы бірнеше он жылдықтар бойы бүкіл әлемнің дәрігерлері қартаю мәселелерін зерттеп жатыр. Қазірде біздің гендердің қартаю жылдамдығы мен сапасында маңызды рөл атқаратындығы айқындалды. Бірақ гендерде көп нәрсе түзетілмейді. Алайда сіз өз рационыңызға әсер етуіңіз мүмкін.


Басқаша айтқанда, біздің денсаулығымызға зиян келтірместен қажетті өзгерістерге апаратын басқа нұсқа бар.
Нәтижелері таңқаларлық: таблетка, инъекция немесе жанама әсерлері жоқ. Жалғыз сұрақ, сіз тамақтанасыз. Анығын айтқанда, жеуге болмайды. Шындығында - бұл ораза.
Заманауи медицина ғылымы ең бастысы сіз нені жеуді емес, қашан және қаншалықты жейтіндігіңізді түсіндіреді. Бұл - оразаның негізгі қағидасы. Адамдар оразада таң атқаннан күн батқанға дейінгі аралықта ішіп-жеуден тоқтатылады.
Көптеген жаңалықтар сияқты, қазіргі уақытта аштық пен ұзақ өмір сүру арасындағы байланыстың ашылуы кездейсоқ болды. Америкада 30-шы жылдары құрғақшылық болған кезде азық-түлік жеткіліксіз болып, бүкіл ел қиналды, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығының төмендеуін болжау оңай болды.

Екіншіден, холестеринді жақсы көретін басқа азаматтар кейбір морфологиялық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Мысалы, 50-55 жасында денелердегі майдың үлесі тек 11,5% құрайды. Кімде 11%-ды көрсетсе, бұл суператлеттің көрсеткіші. Ал 50-55 жастағы адамда майдың бұл өте төмен көрсеткіші. Кәдімгі адам үшін бұл жастағы майдың үлесі әлдеқайда
жоғары - 27,1%. Яғни, қазіргі заманғы орташа статистикада адамның үштен бір майдан тұрады. Оның іштегі майының деңгейі шамамен 30% құрайды. Ал іштің майы адам өміріне үлкен зиян әкеледі. Майдың деңгейі неғұрлым жоғары болса, 2 типті қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары соғұрлым жоғары болады әрі бұл қатерлі ісік ауруының факторы. Сондықтан осы жастағы майдың мұндай көрсеткіші аталмыш дерттердің қаупін арттырады.
Егер сізде осындай жағдайда болсаңыз, онда бұл - бір әрекет жасаудың, майдан арылудың уақыты келді деген белгі екендігін көрсетеді.

Қарапайым емдәм адам ағзасының негізгі күйіне қалай әсер ететіні таңқаларлық жағдай.Осындай емдәмді ұстанушылар СС-патологиясымен ауырып қалу қаупін тудырмайды, яғни олар инсульт, миокард инфарктісі немесе жүрек талмасына қауіп төндірмейді. Олардан миллиондаған адамның ішінен біреудің ғана сырқаттану қаупі бар. Атап айтқанда, дамыған елдердегі 40% өлім-жітімге себеп болып отыр, бұл үш ауруға АҚШ, Ұлыбритания және Ресей де
жақындады. Алайда сіз осы өмір салтын ұстана алсаңыз, онда бір жыл ішінде сіз сау боласыз.
Азық-түлік пен денсаулықтың қарым-қатынасын түсіну кілті емдәмдер болды. Олар тек калорияларды шектемейді, сондай-ақ адам психологиясын қайта бағдарламалап, оны шынымен жаңа көрініске айналдырады.

Адамның сапасына әсер ететін оразаның да ықпалы осындай. Оның үстіне ораза күн сайын емес, жылына бір рет қана ұсталады. Яғни, циклдық және адам ағзасындағы барлық үдерістер циклдік түрде жүреді. Бұл дегеніміз- ораза адам үшін физиологиялық болып табылады, яғни, олар үшін қарапайым деген сөз.
Заманауи адамның қарапайым өмір жолы өте жылдам қарқында оның денсаулығына зиян келтіреді, бірақ өмір бойы емдәммен жүру оңай шаруа емес.
Оразада қарттық ауруының себебі болып табылатын жаман холестерин, триглицеридтер және қан қысымы төмендейді.
Мұндай тамақтанудың тағы бір жағымды жаңалығы - ораза күнінен кейін адамдар сирек тамақтанады. Адам оразада 200% калорияны жей алмайды. Аш құрсақ күнінде калорияның 110% -ын ғана пайдаланады екен. Осылайша, біз қартаю үдерісін қысқартып, түрлі жасқа байланысты аурулардың алдын аламыз. Айтылған үдеріс терең деңгейде өтеді.

Осындай мәселеде тышқандарға тәжірибе жасалынды. Әлемдегі ең танымал сарапшылардың бірі, профессор Вальтер Лонг қартаю мәселесін алдын алудың, тамақтану мен қартаюдың арасындағы байланысты шешуге бағытталған байланысты зерделеді. Оның бір жыныстағы, бір жас пен түрдегі тышқандарға жүргізілген зерттеулері кішкентай
тышқанның үлкенінен әлдеқайда ұзағырақ өмір сүретінін дәлелдеді. Ол барлық сүтқоректілердің ұзақ өмір сүруі туралы жазба қалдырды. Ол калориялар мен өмір сүру ұзақтығы арасындағы байланыстың негізгі факторы болып табылады.

Біздің рационымызда ИРФ-1 өндірісіне әсер ететін заттар бар. Бұл - ақуыздар. Егер біз көп ақуызды тұтынатын болсақ, онда жасушалар үнемі белсенді күйде жұмыс істейді. Бұл тәртіпте дененің қатерлі ісік пен қант диабетінің белгілі бір түрлеріне әсері әлдеқайда осал.
Жасушалар ағзаның зақымын қалпына келтіру үшін өте тез өседі. Мәселенің түп тамыры денені көңілді қалыптан ДНҚ қалпына келтіруге көшіру болып табылады.

Адамдағы майдың жоғары деңгейі неге қауіпті?
Қандай тәжірибе жасалынды?
Адамның тамақтануына шектеу бар ма?
ИРФ-1 деңгейін қалай азайтуға болады?

Калорияларды шектеу туралы мақалалар азық-түліктің мөлшерін шектеуге
көмектеседі, бірақ жеткіліксіз. Калорияны азайтудан басқа, ақуызды тұтынуды азайту керек. Тек нөлге емес. Біз адамдардың көпшілігінің қолы жетпейтін белгілі бір критерийлерге сүйенуіміз керек. Және міндетті түрде емдәмге бармаңыз. Басқа тәсілі бар - аштық. Адам ашыққанда әсері тез және таңғажайып өткір. 24 сағаттық аштық тек глюкоза деңгейін және ИРФ-1 негізгі өсу гормонын төмендетеді. Бұған сену қиын, бірақ аштықтың бірнеше күндері денені сау күйіне қайтару үшін жеткілікті.
Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін кем дегенде екі айда бір рет ашығу керек. Басқаша айтқанда, оразаның жиілігі қажет.
Екінші жағынан, бір күндік ораза көп күнгідей соншалықты нәтиже әкелмейді. Мысалы, үш күндік ашығудан кейін сіз қартаюға байланысты аурулармен күресудің қаупін азайтасыз. Қандағы қант қалыпты деңгейге дейін төмендейді, ИФР-1 қалыпты жағдайға жақындайды.
Айта кететіні, біздің денемізге қауіпсіз мерзімді әрі көп күндік аштық қажет. Содан кейін біз өзімізге қауіп төндірмей, осы шектеудің барлық артықшылықтарын ала аламыз. Ол-ораза. Бұл ғылымның тәжірибе арқылы ұзақ уақыт бойы тапқан барлық талаптары бар.

Өзіңіз төрелік етіңіз: ораза бір айға созылады, бірақ тек күн шыққанан күн батқанға дейін ішіп-жеуден тыйылуы тиіс.
Осы мағынада ол бірде оразада ашығып, содан кейін тамақтанып, өзі шектейтін мерзімді емдәмге ұқсайды. Алайда емдәмнің өзіндік элементтері бар, ал ораза қатаң мағынадағы емдәм емес, ораза толық аштыққа негізделген.
Ашығудың импульсі денені қалыпты түрде қайтарады, оның көп күндік әсері тұрақты нәтиже береді. Сонымен қатар, ораза циклдік болып табылады, яғни, жыл сайынғы ай күнтізбесіне сай міндетті түрде жыл сайынғы биоритмдердің өзгеруін ескере отырып, күнтізбеге сәйкес ауысады.
Бұл оған үйренуге жол бермеуге және жыл бойына тұрақты әсер етуге көмектеседі (дененің жылдық ырғағын қалпына келтіреді). Яғни, қанның биохимиялық көрсеткіштері жылдың қалған барлық айларын тұрақтандырады. Осы тұрғыда оразаның пайдасы бір жылға жалғасатындығы жөнінде Алла Елшісінің хадисі де бар. 

Сондықтан ораза аштықтың барлық артықшылықтарына ие, ол аштықтың әсерін төмендетпестен түнде жеуге мүмкіндік беретін азық-түліктерден бас тартатын жұмсақ әдіс. Осылайша, ораза массалар үшін игілікке тікелей жол деп саналады.
Мұсылмандардың ораза ұстауы биоритмнің бұзылуын қалпына келтіруге көмектесіп, иммунитетті жақсартады. Ораза - бұл жүйе, онда аштықпен емдеудің барлық элементтері қамтылған. Медицина ғылымының қазіргі заманауи үрдістері, емдәмге әрі аштыққа арналған мақсаттың бір бөлігі болып табылады.
Пайғамбарымыз Мұхаммед былай деген:

«Сенің дініңдегі ең жақсы нәрсе - оның жеңілдігі, ал ең жақсы ғибадат - дінді білу».

Ораза күнделікті азық-түлік емдәмінен және азық-түліктен басқа өздігінен бас тартумен қатар, оразаның мағынасын (оның білімін) түсіну оның орындалуына әкеледі.
Жаңадан ораза ұстаушыларға әдетте алғашқы күні қиынырақ болатыны сөзсіз. Аштықтан емес, адам бұрын-соңды оны ұстамағандықтан. Бұл- белгісіз қорқыныш. Бірте-бірте ағзадаға глюкоза қорлары азаяды, ал адам әлсіздікті сезіне бастайды,ол-оразаның негізгі қиындықтары. Содан кейін ағза майды азайта бастайды. Осы уақытта бауыр ИРФ-1 өндіруді тоқтатады, ал ми жасушаларды жөндеу тәртібіне ауыстырады. Жүректің метаболизмі жақсарады, қандағы қант
деңгейі қалпына келеді, ИФР-1 азаяды, қандағы холестериннің жалпы мөлшері азаяды, бірақ бұл жақсы холестеринді арттырады.

Егер сіз оразаны үнемі оны ұстап жүрсеңіз, онда ораза біздің жылдар бойы денемізге өзіміз келтірген зиянды біртіндеп түзейді. Осылайша, ораза кәрілік ауруларының алдын алатын қарапайым құрал ретінде қызмет атқарады.
Өкінішке орай, біз жылдар өте келе бәріміз қартаямыз, оған қарсы ештеңе жасай алмаймыз. Сондықтан ораза 140 жасқа дейін өмір сүруге әрекеттену емес, тек ұзақ уақыт бойы денсаулықты түзету мен сақтаудың жолы.
Бүгінгі күні біздің қоғамда семіздік пен қант диабетінен көпшілік зардап шегуде. Біз жай ғана өзгерістер жасауымыз керек. Ораза-бұл шынымен де жасай алатын алғашқы пайдалы шара. Егер адамдар оразаның пайдасын білсе, денсаулығын да жақсарта алады.


Ораза ұлт денсаулығын түбегейлі жақсартады. Тек бір рет оразаны тұтып, тексеріп көрген адам ешқашан бұрынғыдай болмайды. Ондағы ораза ұстау тәжірибесі де ең қызықты. Мысалы, сіз ораза ұстаған кезеңде аштықты сезінбейсіз, күн батқаннан кейін тамақ жей бастаған кезде ғана психологиялық тұрғыдан жетіспегендігіңізді сезінесіз.

Ашығудың қандай пайдасы бар?

Ораза альцгеймер ауруының(қартайған кезде жадының жоғалуы) алдын алады. Адамдар арасында еске сақтауқабілетінің жоғалуы 50 мен 80 жас аралығында пайда болады екен. Егер тышқандардың тамағына глюкозаны қосса, оларды үйрету мәселесінің қиындығы мерзімінен 3-4 ай бұрын басталады. Мерзімді емдәм ми қызметін жақсартады.
Неліктен? Ғалымдар ашыққан тышқандардың миын зерделегенде олардың миында жаңа жасушалардың пайда болғандығын айқындады. Аштықтың әсері жаңа нейрондар қатарының пайда болуына ықпал етеді.
Себебі, миды қоректендіруді қойған кезеңде жүзеге асады. Айтылмыш мәлімет эволюция тұрғысынан қарағанда ақылға қонымды дүние. Егер сізге тамақ жетпеген кезде аман қалу мақсатымен екі есе тиімді ойлай бастауыңыз қажет. Сіз өткен жолы қай жерде тағам болғандығын орынды еске сақтайсыз.

Ораза, аштық адам миын дамытады, сондай-ақ физикалық жаттығу бұлшықетті жаттықтырады. Басқаша сөзбен айтқанда, күніне калорияны аз қолдану нәтижесіндегі аштық сізді ақылдырақ етеді. Ораза ешқандай дәрісіз аз ғана жеу арқылы өз денсаулығын жақсартудың ұтымды тәсілі. Жалпы 1,5 мың жылдықтарда қолданған тәжірибе бойынша оразаның қауіпсіздігі мен тиімділігі ұзақ мерзімде миллиондарға белгілі болды.
Ең бастысы - бұл игіліктің бастауы. Сөз соңында мынадай қорытындыға келеміз: ғалымдар аштықтың пайдасы жайында анықтаған сайын ораза жайында көбірек жазады. Осының нәтижесінде Исламның нағыз ғылым мен өркениеттің қайнары екендігін тағы да айқындай түседі.

Дереккөз: "Мүфтият. кз"
Толығырақ ...

Иғтикафтың іргелі шарттары қандай?

Иғтикаф дегеніміз - жамағатпен намаз оқылатын мешітте оразалы күйде қонақтау демек. Қонақтау иғтикафтың іргелі шартынан болып табылады. Әйелдер өз үйіндегі намаз оқитын жерінде күтеді. Ғалымдарымыз иғтикафтың шарғи екендігіне ижмағ қылған яғни, бір ауыздан келіскен.

Ең абзал иғтикаф жері Мәсжидул-харам, Мәсжидун-Нәби және Мәсжидул-Ақса одан соң кез келген барлық мешіттер. Рамазанның соңғы он күндігінде иғтикафта отыру сүннет кифая болып саналады. Өйткені Әз Елші ﷺ Мәдинаға қоныс тепкен соң оны ешқашан қалдырмай үздіксіз атқарған мутауәәтир амалы. Оны ешқашан тастамауы аса маңыздылығын меңзейді. Осыған орай бұл Ардақты Елшіден ﷺ қалған бір дара сүннет болып табылады. Өкініштісі біз осы сүннетті кенжелетіп жүзеге асыру жағын әлі жандандыра қоймадық. Ал қасиетті Мәсжижул-харам мен Мәсжидун-нәбиге барып қонақтап келіп жатқан азаматтарымыз баршылық. Оған әркімнің мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан әр жердегі намазхандар өз қала, аудан һәм ауыл мешіттерінде иғтикафқа кіріп аяқтайтын мүмкіндігі бар екенін, біреу білсе біреу білмеуде. Бар өмірін оқшаулану арқылы үмбетке арнап жүрген тұлғалар болған, болады да. 

Иғикафтың тағы бір қысқа анықтамасы - шынайы ниет етіп «оқшаулану». Бұл пайғамбарлардан қалған мирас. Әз Елші ﷺ Хира үңгірінде бастап, Мәдинада қостады. Өзі дүниеден көшкеннен соң, әзиз жарлары жалғастырған болатын. «Оқшаулану» тұлға ретінде қалыптасуға таптырмайтын төте жол. Оған ораза қосылғанда нұр үстіне нұр болмақ. Иғтикаф шын жүрекпен орындалған жағдайда басқа ешбір амал одан тәттірек болмайтынын айтқан емес татқан біледі. Сыртқы әсерлерден жырақ қалу, жанның жайлауы. Жарықта кейде көп дүниеге кәдімгі кедергі болады. 

«Пайғамбарымыз ﷺ Рамазанның соңғы он күнінде Мәсжидун-нәбәуиде иътикафқа отыратын-ды. Тіпті деректерде мешіттің ішінде шатыр тігіп парыздан соң зікір, құлшылық және Құран оқу үшін осы шатырға кіретіндігі риуаят етіледі.

Мінекей осы сәттерде мынадай бір жағдай болағанын Әбу Зәрр жеткізеді: «Рамазанның соңғы он күні болғанда Алла елшісі ﷺ мешітте иътикафқа отырды. (Рамазанның) 22-сіне сәйкес келетін дүйсенбі күні екінті намазын өткізіп сосын былай деп хабарлама жасады: «Бүгін түнде намаз оқимыз, Алла жазса. Түнде намаз оқығысы келгендер оқысын!» Бұл түн рамазанның 23-і болатын. Пайғамбарымыз ﷺ құптаннан кейін жамағатпен түннің үштен бірі болғанша намаз (тәһажжуд/тарауих) оқыды, сосын аяқтады. Сосын 24-і болғанда ештеңе демеді, түнде намазға да келмеді. Сосын 25-ін меңзеп, былай деді: «Алла жазса, Бүгін түнде намаз оқимыз. Түнде намаз оқығысы келгендер оқысын!» Түннің үштен бірі болғанша намаз (тәһажжуд/тарауих) оқып, сосын аяқтады. 26-ы болғанда ештеңе демеді, түнде намазға да келмеді. 26-ы екінті намазын өтеп болған соң тұрып, 27-і түнді меңзеп «Алла жазса, Бүгін түнде намаз оқимыз. Түнде намаз оқығысы келгендер оқысын!» Әбу Зәрр әңгімесін ары жалғап: (сол түні) түнгі намаз үшін жиналдық және Алла елшісі ﷺ бізге түннің үштен екісі болғанға дейін намаз (тәһажжуд/тарауих) өткізді. Содан кейін мешіттің ішінде тігілген иътикаф шатырына кірді. Мен ол кісіге: Уа Алланың елшісі! Таңға дейін бізге намаз өткізуіңізді қатты қалаймыз дегенімде, былай деді:

«Уа, Әбу Зәрр! Сен имамыңмен осы намазды оқып аяқтағаныңда, түннің барлығын құлшылықпен өткізген сауабына кенелесің».

Пайғамбар ﷺ осылайша бір-ақ рет жасады. Парыз санап кетуінен қорыққаны үшін (жамағатпен өтеуге) жалғастырмады.»

Мінекей Игі һәм Ізгі елші ﷺ сол ыстық аймақта кіп-кішкентай терезесі бар тап-тапал мешітінде шатыр тігіп алғанын есте сақтаңыз. Пайғамбарымыздың ﷺ түнгі намаздарының қиямын/аяқта тұруын өте ұзаққа созатын (ұзын сонар сүрелер оқитын). Бәлки, оның оқыған Құранын Жәбірәйіл тыңдағандықтан осылайша аталмыш муъарада жүзеге асатын болар...

Алла Елшісі ﷺСоңғы рамазан айында 20 күн иътикафқа отырды және Жәбірәйілмен Құранды екі мәрте бастан-аяқ оқып шықты. Әрбір жыл сол күнге дейін түскен сүре, аяттарды Жәбірәйілмен муъарада жасайтын.

Иғтикафтың абзалдығы

Абдуллаһ ибн Аббас бірде Пайғамбар мешітінде иғтикафта болған кезде, бір кісі келіп сәлем бере отырды. Ибни Аббас: «- Бауырым, сенің өңің неге солыңқы,- деген соң араларында әңгіме былай өрбіді:

«Иә. Уа Алла Елшісінің немересінің ұлы, уайымым бар! Пәленшенің менің бойымда ақысы бар. Бірақ мына мазар иесінің ақысы үшін айтайыншы, қарызымды өтей алмаудамын».

«Сен үшін онымен сөйлесейін бе?»

«Қаласаң сөйлес»

Ибн Аббас аяқ киімдерін кие мешіттен шықты. Әлгі кісі:

«Иғтикафта екеніңді ұмытып кеттің бе, мешіттен неге шықтың»,- деп айқай салды. Ибн Аббас  Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін меңзеп:

- «Жоқ! Мен мына қабірде жатқан, арамыздан енді ғана көшкен бұл құрметті заттан ет құлағыммен естідім ғой, (мұны айтқан кезде көздерінен жас сауғалап):

«Кімде-кім, дін бауырының бір мұқтаждығын өтеу үшін күш-жігер жұмсап, ақыры ол істі тындырса, бұл іс ол үшін он жыл иғтикафта болуданда қайырлы. Әйтпегенде кімде-кім Аллаһ разылығы үшін бір күн иғтикаф жасайтын болса, Ұлық Алла ол кісімен тозақ арасында үш ор жаратады, әрбір ордың арасы, шығыс пен батыстың арақашықтығындай ұзақ» деді. (Бәйхақи, Шуғаб, ІІІ, 424-425. Қос.ша қар.з Хәйсами VІІІ, 192).

 

Жоғары да атап өткендей иғтикафқа жолай алмай жүрген жандардың барлығы өзгенің бақыты үшін өмір сүріп жатқан ізгі жандар деп есептейік.

Ораза қабыл болғай!

 

Дереккөз: "Мүфтият. кз"

Толығырақ ...