Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қажылыққа баратын имамдардың біліктілігі пысықталды

 islam-atyrau.kz/20 маусым, 2019 жыл.   Бүгін ҚМДБ Қажылық бөлімінің ұйытқы болуымен айтулы сапар барысының екінші кезеңі талқыланды.

Нәтижесінде биылғы қажылыққа баратын имамдар мен ұстаздар өз біліктілігін тағы бір мәрте сыннан өткізді. ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен белгілі ұстаз Бауыржан Әлиұлының қатысуымен Қасиетті мекенге баратындарға арналып дәріс ұйымдастырылды. Жиын барысында жауапты мамандар қажылық үкімдері, фиқһ мәселесі, шариғат заңдарына қатысты сұрақтар қойып, имамдардың дайындығын пысықтады.

Негізі сұрақтар қажылықта орындалатын амалдар, қандай жағдайда қажылық шарттары орындалмайды, одан бөлек атқарылатын сүннет амалдар да тақырыптан тыс қалмады. Сонымен қатар аймақтардан келген білікті ұстаздар мен мешіт имамдары сұхбат берді. Яғни олардың жамағат алдында өзін қалай ұстауы, камера алдында сөйлеуі сынды жайттар да назарға алынды.

Айта кетейік бүгінгі жиын соңында қажылыққа баратын ұстаздар мен имамдардың нақты саны белгілі болады.

 

 

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ ЕЛДЕГІ МИТИНГІЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ОЙЫН АЙТТЫ (+ ВИДЕО)

 islam-atyrau.kz/20 маусым, 2019 жыл.  Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін көшеде емес, келелі кеңесте білдіргені жөн.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз елдегі митингілерге қатысты осылай деді. Ол наразылық пен қарсылық дау-дамайсыз, керісінше мәдениетті, әрі байсалды түрде айтылғаны абзал деп санайды. Сонда ғана кез-келген мәселе бітімді, әрі жемісті шешіледі. Өйткені билік те, халық та – бір елдің тұрғындары. Ал ел халқының бірлігі берекелі тірліктің кепілі екенін ескерген дұрыс.

Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

Дінімізде ешқандай бүлікке ұрынбаңдар. Жер беті тыныш өмір сүріп жатқан жерде бейбіт өмірін сақтаңдар дейді. Демек біз үшін ең басты құндылық – біздің тәуелсіздігіміз, ішкі келісім мен тұрақтылығымыз. Ел боламын десең қоғам бол, бірің оған, бірің бұған бол,-дейді. Сол тұтас қоғамды кемелдігін сақтап тұратын ең басты – арадағы сұхбаттастық. Диалог дейміз ғой. Ойын нақты жеткізе алу. Сараланған ойдың сапалы, әрі сабақтастығы болуы үшін бірін-біріндегі өзара үйлесімділік керек. 

Толығырақ ...