Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас мүфти Венада өткен халықаралық конференцияға қатысты

  islam-atyrau.kz/21 маусым, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Австрия астанасы Вена қаласында Қапқаз мұсылмандары басқармасының ұйытқы болуымен өткен «Дінаралық, өркениетаралық ынтымақтастықтан жалпыадамзаттық тілектестікке дейін» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Халықаралық шараның ашылу салтанатында Әзірбайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси мәселелер бойынша көмекшісі Әли Гасанов мемлекет басшысы Ильхам Әлиевтің конференция қатысушыларына жолдаған құттықтау хаты мен үндеуін оқып берді. Содан кейін «Жалпыадамзаттық сын-тегеурін» фильмі көрсетілді.

Мінберде сөз алған Қапқаз мұсылмандары басқармасының төрағасы Аллашүкір Пашазаде, KAICIID дінаралық, мәдениетаралық сұхбат халықаралық орталығының Бас хатшысы Фейсал ибн Муаммар, Адам құқығы және жаһандық сұхбат жөніндегі Женева орталығының атқарушы директоры Идрис Жезаири, Біріккен Араб Әмірліктері Президентінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Әли Абдурахман әл-Гашим, т.б. халықаралық ұйымдар, орталықтар мен мемлекеттік мекеме басшылары бүгінгі адамзат баласына төніп тұрған қауіп-қатерлерді алдын алудың тетіктері мен жолдары жайлы баяндама жасады.

Конференция соңында Вена декларациясы қабылданды. Декларацияда осы бағытта халықаралық форумдарды өткізіп тұрудың маңыздылығы, жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттаудың өзектілігі атап көрсетілген.

 

Толығырақ ...

Атырауда “Жусан-2” операциясы нәтижесінде оралғандар туралы деректі фильм түсірілді

  islam-atyrau.kz/21 маусым, 2019 жыл.  “Жусан-2” операциясы кезінде елге оралған атыраулықтар туралы деректі фильм жарық көрді.

“Жер бетінде болуы мүмкін тозақ болса, ол – Сирия. Біз сол тозақ отынан үлкен қиындықтармен, қасірет шегіп оралдық. Ол жер тұнып тұрған қанішерлердің мекені” дейді “Жусан-2” операциясы кезінде елге оралған атыраулықтар.

Еске сала кетелік, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген кең көлемді “Жусан” операциясы кезінде Қазақстанға 231 азамат қайтарылды. Оның 16-сы ер,  59-ы әйел, 156-сы балалар.  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облыстық департаменті және Атырау облысы Дін істері басқармасы бірлесіп түсірген  деректі фильмде “Жусан-2” операциясы кезінде Атырауға Ақтаудан 8 әйел мен  25 бала әкелінгені айтылады.

Дереккөз: atr. kz

Толығырақ ...

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев атыраулық жастармен кездесті

 islam-atyrau.kz/21 маусым, 2019 жыл.   Нұр – Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек  Қайырғалиев  Атырауға арнайы келді.

Мұнайлы өлкеге сапары аясында ұстаз Мақсатбек  Қайырғалиев  орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілерімен кездесті.  Басқосу барысында ұстаз уақыттың қадір-қасиеті, жастық жігерді пайдалана білу, өмірдің мәні туралы уағыз айтып, аудитория тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с)  «Қиямет күні әрбір құлдан төрт нәрсе сұралмайынша, ол тұрған орнынан қозғалмайды. Бірінші, ол өмірін қалай өткізді? Екінші, жас күнгі күш-қайратын қайда жұмсады? Үшінші, ол білген біліміне қайсысына  амал қылды?  Төртінші, ол нәсібесін қалай тапты және қайда жұмсады?» - деген хадисі бар. Алла Тағала Құранда жастық жігерін ізгілікке, адамзаттың екі дүниесіне қайыры тиетін істерге жұмсаған пенделерін үлгі қылады» деді ұстаз Мақсатбек  Қайырғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...