Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда гуманитарлық көмек штабы жұмыс істеп жатыр

islam-atyrau.kz/25 маусым, 2019 жыл. Бұл туралы “Нұр Отан” партиясы жанынан ашылған гуманитарлық көмек штабы хабарлады. 

“Арыста орын алған төтенше жағдайдан кейін Атырау қаласының тұрғындары “Нұр Отан” партиясының жергілікті филиалына хабарласып, қол ұшын беруге әзір екендіктерін айтып жатты.

Енді бүгін таң сәресімен жергілікті тұрғындар гуманитарлық көмекті әкелуде. Бұл жерде  жекелеген азаматтар, еңбек ұжымдары да бар. Мәселен, бірінші болып көмек қолын созғандар арасында жергілікті денсаулық сақтау басқармасы, «НСК Атырау» компаниясы, Нәжімеденов атындағы орта мектеп, «Ембімұнайгаз», «Сазанқұрақ» ЖШС, облыстық психикалық денсаулық орталығы бар. Негізінен штабқа дәрі-дәрмек, төсеніштер, азық-түлік, балалардың киімдері, гигиеналық құралдар әкелінуде.

Біз жиналған көмекті күн сайын Түркістан облысына теміржол қатынасы арқылы жөнелтіп отыратын боламыз” деді  “Нұр Отан” партиясы жанынан ашылған гуманитарлық көмек штабының жетекшісі Данагүл Жайлаубаева.

Ерекше атап өтерлігі, штаб тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейді. Бүгін гуманитарлық көмекпен бірге, Арысқа арнайы мамандар да аттанады. Олардың құрамында дәрігер, фельдшер және психологтар бар.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырауда Арысқа көмек штабы жұмыс істеп жатыр. Оған кез келген қала тұрғыны атсалыса алады. Осындай көмек көрсету пункті Индер ауданында да жұмысын бастады. 

Штаб Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 79А, “Нұр Отан” партиясы ғимаратында орналасқан. #Бізбіргеміз#

Дереккөз: "Atr.kz"

Толығырақ ...

Атырауда Арыс халқы үшін 20 тонна гуманитарлық жүк жиналды

islam-atyrau.kz/25 маусым, 2019 жыл.  Атырау облысында «Арыс, біз біргеміз» акциясы аясында гуманитарлық көмек жиналды.

“Оның ішіне  азық-түліктер, жеке гигиена құралдары және бірінші кезекте қажетті заттар кіреді”, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Дина» сауда орталығы  директоры Нұрлан Тәуекелдің айтуынша, мұнайлы өңірден алғашқы гуманитарлық  жүк бүгін, яғни 25 маусым күні аттанады. Көмекке  сауда орталығынан  жалға алып отырған 100-ден  астам кәсіпкер қатысты.
– Атырау облысы әкімі  Нұрлан Ноғаев Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерді қолдауға және тұрғындарға көмек көрсетуге шақырды. Біз “Арыс, біз біргеміз” атты жалпы қазақстандық акцияға қатысуға шешім қабылдадық. Осының арқасында 20 тонна қажетті жүк жиналды. Қазір біз барлық жүктерді тиеп жатырмыз. Жақын арада гуманитарлық көмек жөнелтілетін болады.  Бұдан бөлек, БАҚ жариялаған банк шоттарына қаражаттарын аударуда,- дейді  «Дина» сауда орталығының директоры Нұрлан Тәуекел. 
Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңертең Арыс қаласында әскери бөлімнің қоймасында жарылыс орын алған болатын. Қоймалардың бірінде өрт басталып,  артынша жарылысқа ұласты.  Барлық тұрғындар эвакуацияланып, жақын маңдағы  елді мекендерге жеткізілді.

#Бізбіргеміз#

Дереккөз: "Atr.kz"

Толығырақ ...