Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Сұлтан Бейбарыс мешіті 150 отбасының балаларына мектепке қажетті оқу құралдарын тапсырды (+ ВИДЕО)

  islam-atyrau.kz/25 тамыз, 2019 жыл.     "Мектепке жол" республикалық акциясына Атырау мешіттері ерекше атсалысуда.

Бұған дейін мұнайлы өлкенің бас мешітінде жүзеге асырылған қайырымдылық эстафетасын Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті жалғастырды.

Бір сәтте 150 отбасының балаларына мектепке қажетті оқу құралдары толтырылған сөмке таратылды. Қайырымдылық акциясы негізінен көп балалы, жалғыз басты, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларын қамтыды.

"Қайырымдылық - мүфтият бекіткен негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Мұқтаж жандар әркез біздің назарымызда" дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев. 

Ізгі шараға алғысын білдірген мұқтаж жандар әркез мешіттің қамқорлығы сезіліп тұратынын айтты. 

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...