Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ ОРНАЛАСҚАН ҚОНАҚҮЙЛЕРГЕ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

 islam-atyrau.kz/5 тамыз, 2019 жыл.  Қазақстан қажылық миссия ұжымы екінші жұмыс күнін қонақүйлерге тексеріс жүргізуден бастады. Миссия төрағасы бастаған жұмыс тобы ең алдымен "Яссауи", "Атлас туризм" және "Дельта тур" компаниялары алып келген қажылардың жағдайын білді.

Бұл ретте компанияларға қойылған басты талап - парызын өтеуге келгендерге қолайлы жағдай жасау, сапалы қызмет көрсету. Осылайша Қазақстан қажылық миссиясының жұмыс тобы бағдарлама бойынша көрсетілген қызмет түрлерін бақылауға алды. Қажылық миссиясы қойған талаптың тағы бірі - қажыларымыз тоқтаған қонақүйлерде елдігімізді білдіретін нышандардың яғни, рәміздердің болуы.

Сондай-ақ қажыларға бағыт-бағдар беруші анықтамалықтардың бар-жоғы да есепке алынды. Оған қоса фирма ұсынған бағдарлама, намаз кестесі, тамақтанатын уақыттардың көрсетілуі, асхана мәзірі, апталық бағдарлама түзілуі, тағам сапасы мен олар орналасқан бөлмелердің бағаға сай болуы да назардан тыс қалмады.

Айта кетерлігі, миссия ұжымы қонақүйлердегі қажылардың жағдайы мен гигиеналық заттармен қамтылу барысын да назарға алды.

Одан бөлек әр фирмада дәрігердің болуы мен сапалы қызмет көрсететін гидтің (жолсерік) саны да маңызды екені айтылды. Яғни, гид мамандарының діни білімінің миссия көрсеткен талаптарға сай болуы бақылауда болады, деді миссияның жұмыс тобы.

Қасиетті мекенге келушілерге берілетін заттар яки қолсөмке, уағыз кітапшалары, киімнің біркелкілігі және ҚМДБ бекіткен уағызшылардың жұмысы да жіті тексерілмек. Тексеріс жүргізе келе миссияның жұмыс тобы әр компанияның сервистік қызметін бақылап, 2020 жылы берілетін квота саны да сапаға байланысты болатынын жеткізді. Бұл алдымен фирмалардың қажылар алдындағы жауапкершілігін арттыра түспек.

Тексеріс барысында арнайы құрылған жұмыс тобы қажылардың денсаулығы үнемі бақылауға алынуын қатаң тапсырды. Мұндай тексеру жұмыстары өзге де компанияларда жалғасын табады.

 
Толығырақ ...

Құрбан айт 11 тамызға белгіленді

 islam-atyrau.kz/5 тамыз, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і күні басталатынын хабарлайды.

Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбі күніне, яғни 1 тамызға сәйкес келеді. Ал, 2 тамыз зулхиджа айының бірінші күні болып саналады.

Арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді. Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн.

 

 Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахап (жағымды) амал. Әбу Қатадан жеткен хадисте: «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады...» делінген.

 

Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы – уəжіп (міндет). Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Құрбандық малы айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалынады.

Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

 

 

Толығырақ ...

ЗҮЛ-ХИЖЖӘНЫҢ БАСТАПҚЫ ОН КҮНІНДЕ ІСТЕЛЕТІН АМАЛДАР

1. Зүл-Хижжә — Аллаһ Тағала қасиетті еткен айлардың бірі. Себебі, осы айда мұсылман пенде Хақ Тағала оған міндеттеген қажылық парызын орындайды. Бұл – Зүл-Хижжә айында орындалатын құлшылықтың ұлығы.

Толығырақ ...

Сұлтан Бейбарыс мешітінде отыздан астам әйел жамағаты сауат ашу курсын аяқтады

islam-atyrau.kz/5 тамыз, 2019 жыл.  Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде биыл әйел жамағат үшін алғаш рет жазғы сауат ашу курсы болып өтті.

Бір айға созылған жазғы сауат ашу курсында отыздан астам қатысушыға   Нұр - Мүбәрак университетінің шәкірті Нұрай Аққалиева ұстаздық етті. Осылайша, шәкірттер қысқа мерзім ішінде "Құран", "Тәжуид", "Ақида", "Фиқһ" негіздері бойынша дәріс алды.

"Білімді адам – жарық шам секілді. Білімсіз надан – қараңғы түн сияқты. Ал, ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Дініміздің осы тұсы исламның хақ екенін дәлелдей түссе керек. Өйткені, дүниеде білім мен ғылымды парыз санайтын исламнан басқа дін жоқ.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: "Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз", – делінсе, тағы бір хадисінде: "Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен", – деп насихат айтылған. Біз мешіт жамағатына ілім үйретуді негізгі бағытымыз ретінде ұстанып отырмыз" дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.

 

Орталық "Иманғали"мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Толығырақ ...