Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Көп балалы отбасына көмек көрсетілді

  islam-atyrau.kz/11 қыркүйек, 2019 жыл.   Жақында ғана Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан  Мəулімберген мешітінде қайырымдылық шарасы болып өтті.

Аталмыш мешіттің бас  имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен көп балалы ана Ақбота Сəрсенғалиеваның отбасына қамқорлық көрсетілді. Соның  ішінде, балаларға мектепке  қажетті оқу құралы мен киім-кешектер əперілді.

Және де  аталмыш отбасының мұң-мұқтажын ескеріп, бір айлық пəтерақысына 50 мың теңге көлемінде жəрдем көрсетілді.

Ақботаның айтуынша, бұл отбасы  түрлі себептермен мемлекет тарапынан берілетін 21  мың теңге көлеміндегі жəрдемақыны ала-алмай отыр. «Осы мәселені түпкілікті шешуге атсалысатын органдар болса» дейді көп балалы ана.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Жұлдыз мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

 islam-atyrau.kz/11 қыркүйек, 2019 жыл.    Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан  Қажымұқан  Мұңайтпасов атындағы мешітте тазалық жұмыстары жүргізілді.

Ағаштардың түптері қопсытылып, әктелді. Шарбақ сырланып, мешіттің ішіне және аулаға толықтай тазалық жұмыстары жүргізілді. «Мешіт – ең алдымен Алланың үйі. Қасиетті мекенге әркез қамқорлық көрсетіп отыру – мұсылман баласы үшін жазылмаған заң іспетті. Кезекті тазалық жұмысына мешіт қызметкерлерімен бірге, жамағаттың  да қоса атсалысқанын атап өткеніміз жөн» дейді Қажымұқан  Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Махамбет ауданында Атырау өлкесінің мешіт жамағаттары бас қосты

 islam-atyrau.kz/11 қыркүйек, 2019 жыл.  Атырау облысына қарасты аудандардың жамағаты Махамбет жерінде бас қосты.

Аталмыш басқосуға орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Боханов барып, арнайы қатысты.

Табиғат аясындағы демалыс форматында өткен басқосуда ұстаз Ерболат Боханов жамағат арасындағы бірлікті сақтау мәселесі жөнінде уағыз айтты. «Алла Тағала адамзат баласына «Бөлінбеңдер!» деп, бауырмал болуға бұйырған. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) басшыға бағынып, бүлік шығармауды үгіттеуінде үлкен мән бар. Асылында, жамағаттың бірлігі – қоғамның тұтастығы, елдің тыныштығы» деп атап өтті ұстаз Ерболат Боханов.

Ерекше форматта өткен басқосу аясында жамағат қазақша күрес, арқан тарту сынды ұлттық спорттық ойын түрлерінен өзара сынға түсті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Өз балаларыңа садақтан оқ атуды, суда жүзуді жəне атқа мінуді үйретіңдер» деген. Осы ретте, бұқаралық спорт насихатталған шараның жамағатты төзімділікке, қайраттылыққа, мақсатшыл болуға үндегенін атап өткеніміз жөн.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...

Ұстаз Ерболат Боханов Әт - Тақуа мешітінде көшпелі дәріс жүргізді

 islam-atyrau.kz/11 қыркүйек, 2019 жыл.  Атырауда Бас имам Батыржан Мансұровтың бастамасымен мешіттерде көшпелі дәріс өткізу үрдісі жалғасуда.

Орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Боханов Атыраудағы Әт – Тақуа мешітінің жамағатымен жүздесті. Кездесу барысында ұстаз сахаба Абу Суфян Ибн аль Харистің өмір жолы туралы уағыз-насихат айтты.

«Абу Суфян Ибн аль Харис Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) бауыры болып келеді. Екеуі бір атадан тараған. Алла Елшісіне пайғамбарлық келгенге дейін Абу Суфян Ибн аль Харис Пайғамбарымызбен көркем қатынаста болады. Екеуі керемет дос, бауыр болған деседі. Бірақ, Пайғамбарлық келгеннен кейін Абу Суфян Алла Елшісіне қарсы шыға бастайды. Осынау қарсылық жиырма жылға дейін жалғасады. Жиырма жылдан кейін исламды қабылдайды. Осы күннен бастап ол өмірін толығымен қасиетті Құран-Кәрімге, мешітке арнайды» деп атап өтті ұстаз Ерболат Боханов.

Еске сала кетелік, көшпелі дәрістің мақсаты – жамағаттың басын қосу, ізгілілік жолында біріктіру, ауызбірлікті арттыру.   

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

ҚМДБ: ҮШІНШІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

 islam-atyrau.kz/11 қыркүйек, 2019 жыл.  Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қайырымдылық мекемесі ашылды. Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, т.б. мүфтият қызметкерлері мен имамдар қатысты.

Шарада сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

«Қайырымдылық мекемені ашудағы мақсатымыз – жеке тұлғаны имандылыққа, адамгершілікке, ұлттық салт-дәстүрге сай тәрбиелеу, баланың ғылымға, өнерге, әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту, оларды патриотизмге баулу, тәрбиеленушінің денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды зиянды әдеттерден (маскүнемдік, нашақорлық, зинақорлық, темекіге әуестік, ұрлық, т.б.), қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, діни-ағарту жұмыстарын жүргізу, Ислам негіздерін үйрету, діни оқу орындарына талапкер дайындау, баланың өмірге және өзіне деген сенімін арттыру, елімізде отбасылық құндылықтарды насихаттау, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік-рухани көмек көрсету, жетім балаларды әлеуметтік қолдау. Міне, мекеме осы бағытта жұмыс істейтін болады», – деп атап өтті.

Сондай-ақ, Бас мүфти сауапты істі қолған жандарға айрықша алғысын жеткізді.

Ашылу салтанатында ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов сөз сөйлеп, мүфтият өзінің сан-салалы қызметі аясында негізгі төрт бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін, соның бірі – қайырымдылық екенін атап өтті.

«Бұл мекеме қазақ балаларын оқытып, оларды отаншылдық, патриоттық, имандылық бағытта тәрбиелеуге сүбелі үлес қосады деген сенімдемін», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Осымен үшінші рет ашылған қайырымдылық мекемесі әлеуметтік, қайырымдылық, мәдениет, білім, қоғам игілігі үшін өзге де ізгі мақсаттарды жүзеге асырады. Айта кететін жайт, бұл – қайырымды адамдардың ерікті мүліктік жарналары негізінде құрылған коммерциялық емес ұйым.

Мекеме өз қызметінде ҚР Конституциясын, Азаматтық Кодексін, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Баланың құқығы туралы», «Білім туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын, сонымен қатар аталған мекеме туралы Діни басқарманың шешімімен қабылданған Жарғыны басшылыққа алады. Айта кетсек, бұған дейін дәл осындай мекеме Маңғыстау, Алматы облысында ашылған болатын.

«Біз ең бірінші баланы адамгершілік пен толеранттылыққа тәрбиелеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулимыз. Мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге үйретеміз. Өйткені, жастайынан тәрбиеленген бала өскенде өзгеге өнеге көрсете алады. Адам баласы жастық шақта ақпаратты, білімді өзінің бойына тез сіңіріп алады. Бұл сәтті ата-аналар жіберіп алмауы керек. Дәрістер Діни басқарма бекіткен сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Бекітілген пәндерден бөлек балалар үшін мәдени, рухани, спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылады. Қабылданған бала арасында әлеуметтік тұрмысы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан балалар мен жетімдер де болды», – дейді ҚМДБ Уақып және қайырымдылық бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев.

Мекемеде жатын бөлмесі, кітапхана, дәрісхана, ұстаздар кабинеті бар.

Толығырақ ...