Екі айлық білім жетілдіру курсы аяқталды (фото)
Қарашаның 28-жұлдызында «Иманғали» орталық мешіті сондай-ақ, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен өткен кезекті екі айлық білім жетілдіру курсы аяқталды.
Қала, аудан және ауыл имамдарына көмекші қызметкерлерді дайындау, біліктілігін шыңдау мақсатында өткен курстың жабылу салтанатына облыстық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, қалалық «Әт-Тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының директоры Қанат Әділханұлы, Ақпараттық-талдау орталығының директоры Айбек Асқарбекұлы, теолог Мейіржан Рахматулла мен Ардақ Абдираманов, Бекжан Қашқынбаев, Әбдікәрім Хасанұлы сынды наиб имамдар, Мысыр-Араб Республикасынан арнайы шақыртумен келген Ахмад Абдулазиз Заид бастаған бір топ ұстаздар қатысып, аталмыш курс түлектеріне өз лебіздерін білдірді.
Білікті ұстаздар екі ай тәлім алған имамдарға білімдерін ізгілік жолына жаратып, Құран хикметіне сай амал етудің екі дүниелік пайдасын да айттып жеткізді. Қорыта келгенде, бітіруші 25 тәлімгерге арнайы сертификаттар табыс етіліп, Ханафи мазһабы бойынша жарық көрген діни кітаптар естелік сыйлық ретінде таратылды.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
