Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы
19 қараша күні Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласындағы №20 жалпы орта білім беретін мектепте «Ұлттық құндылықтар – тәрбие бастауы» атты тақырыпта кездесу өтті. Шараға Жылыой аудандық орталық мешітінің ұстазы Д.Сүлейменов қатысып, Исламдағы бала тәрбиесі, ата-ананың бала алдындағы міндеттері туралы уағыз айтты.
Кездесу барысында дін сласының маманы еліміздегі уахабизм, салафизм ағымдарының тармақтары мен олардың сананы улау әдіс-тәсілдерін атап көрсетті. Сондай-ақ, жастарды олардан аулақ болуға шақырды.
Кездесу соңында оқушылыр өздерін мазалап жүрген сауалдарын мешіт ұстазына қойып, тұшымды жауаптарын алды.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша баспасөз
қызметі, Жылыой аудандық орталық мешіті