Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Теріс ағымдардан сақтандыру кездесу тақырыбына арналды

26 қараша күні Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон елді-мекеніне қарасты №23 жалпы орта білім беретін мектепте «Діни сауатты ашып теріс бағыттан сақтандыру» тақырыбында кездесу өтті.

Шара барысында Жылыой аудандық орталық  мешітінің ұстазы Д.Сүлейменов, «Нұрқас-Сатыбалды» имамы А.Сарсекеев, дәстүрлі Ислам дінінің артықшылығы, Исламдағы бала тәрбиесі, тәрбие отбасынан басталатынын, ата-ананың баласының алдындағы міндеттері, ұлттық сананы қалыптастыру жөнінде уағыз айтты.

Экстремистік ағымдардың идеологиялық жаулау әдіс-тәсілдерін ашып көрсетіп, маңызды ақпараттармен бөліскен мешіт ұстазы Дастан Сүлейменов жастарды уақытты ұтымды пайдалана білуге шақырды.

      Кездесу соңында ауыл ақсақалдары, ата-аналар, оқушылыр өздерін мазалап жүрген сауалдарын мешіт ұстазына қойып, тұшымды жауаптарын алды.

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

баспасөз қызметі, Жылыой

 

аудандық орталық мешіті

Жоғарыға