Тәуелсіздікке тарту
Жаратқан иеміз жар болып мінекей Тәуелсіз Қазақ елі биыл 25-жылдығын той- лап жатыр. Мемлекеттік деңгейдегі зор мерекенің мән-мағынасын еліміздің әрбір тұрғыны жете түсінуі тиіс. Себебі, осындай азаттықты ата-бабаларымыз аңсап, сол үшін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жауларымен жағаласып, кейінгі ұрпаққа осы Ұлы даланы аманаттап кетті. Бүгінгі таңда Тәуелсіз Қазақ елі іргелі мемлекетке айналды.Сол себептен Ұлы Рахманға зор мадақтар болсын.
Тәуелсіздікті ұлықтаған игі шаралардың бірі желтоқсан айының 4-ші жұлдызында Атырау қаласы, Тасқала (бұрынғы Алғабас) ауылы, Тауман Амандосов атындағы орта мектепте болып өтті. Ескерте кету керек, аталмыш білім ұясы күрделі жөндеуден өтіп, жақында ғана шәкірттерге есігін айқара ашты.
Жиынды мектеп директоры Мүслима Толыбайқызы Базарбаева ашып, жылы лебізін білдірді. Аталмыш шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Нәутиев, қала әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи, облыстық білім басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова, «Кең-Өзек» ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Үмітжан Есенғалиева, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жүсіп ата Дүйсебев, «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов, ауыл тұрғындары қатынасты.
Шара барысында құттықтау тілектер айтылып, марапаттар берілді. Мектеп және балабақша бүлдіршіндері мен ауыл тұрғындары дайындаған мерекелік ән-би көрсетілді. Кеш соңында мектеп асханасында дастархан жайылып, мешіт имамы Мақсот Бағытжанов Құран-Кәрім аяттарын оқып, тұшымды уағыз-насихатын айтып, ақсақалдар ақ баталарын беріп тарқасты. Алла Тағала Тәуелсіздігімізді баянды, іргемізді берік қылғай, ағайын. Әумин!
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі,
Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешіті
