Бала – біздің болашағымыз
Адамзат баласы әуелі атаның белінде, ананың «алтын құрсағында» жаралып, кейін жарық дүниеге келеді. Сәбиліктен қарттыққа дейінгі барлық кезеңдерден өтеді. Міне, сол сәбилік кезеңдегі берілген жақсы тәлім-тәрбие кейінгі өміріне таусылмас азық болып жатады. Әрине, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны өлшеусіз. Сондай-ақ, бұл игілікті амалдан балабақша тәрбиешілері және қызметкерлері құралақан қалмайды. Яғни, олардың да еңбектері ұшан-теңіз.
Осы ретте жақында, желтоқсан айының 8-ші жұлдызында «Көк-арна» ауылында орналасқан «Ақсұңқар» балабақшасына мешіт қызметкерлерімен кездесу өтті.
Шараға Алғабас ауылы «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов пен көмекші молда Серік Бәйменов барып, балабақша қызметкерлермен кездесті. Дін өкілдері Ислам құндылықтары туралы уағыз айтып, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, облыстық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұровтың «Сабырлық жұмаққа жетелейді» атты кітапшасының біраз данасын сыйға тартты. Алла Тағала барша игілікті істерімізге еселеп сауап жазғай. Әумин!
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі,
Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешіті
