Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
7 желтоқсан күні Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы «Темірхан Байсырымов» атындағы колледжде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты тақырыбында кездесу өтті.
Шараға Жылыой орталық мешітінің бас имамы Арман Исаев, мешіт ұстазы Сулейменов Дастан, колледждің тәрбие ісі бойынша орынбасары және колледж студенттері қатысты.
Дін қызметкерлері дәстүрлі Ислам дінінің артықшылығы, экстремистік ағымдардың кері әсері, тәлім-тәрбие, білім алудың маңыздылығы және ата-ананың қадірі туралы уағыз айтты. Сондай-ақ, елімізде жастарды адастырып жүрген ағым тармақтары және пайдаланатын әдіс-тәсілдерін ашып көрсетіп берді.
Кездесу соңында студенттер өздерін мазалап жүрген сауалдарын дін саласында жүрген мамандарға қойып, тұшымды түрде жауаптарын алды. Келген қонақтарға колледж әкімшілігі атынан алғыс айтып, алдағы уақытта жүйелі кездесу өткізіп тұруға келісті.
ҚМДБ-ның Атырау облысы Жылыой аудандық
орталық мешітінің баспасөз қызметі