Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«ЖАСАЙ БЕР, ҚАЗАҚ ЕЛІ!»

 

Бүгін Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Атырау облысы әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры  республика көлемінде «Жасай бер, қазақ елі!» атты жыраулар байқауының қорытынды кешін өткізді.     

Байқаудың мақсаты ел тарихындағы дін мен дәстүрдің ұштасқан озық үлгісін көрсету,  ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа жеткізу, ел тәуелсіздігін сақтаудағы Ислам құндылықтарын насихаттау, қоғамда діни эсктремизм мен радикализм идеяларының таралуының алдын алу, Мәңгілік ел мүддесін жүзеге асыруда рухани ықпалы  зор Ислам діні мен ұлттық салт-санамыздың ұштасқан озық үлгілерін дәріптеу  болып табылады.  

 Үш ай бұрын еліміздің түкпір-түкпірінен байқауға тақырып аясында 30-дан астам туындылар түсіп, оның ішінен қазылар алқасының шешімімен ақтық сынға 7 үміткердің шығармасы өтті.

 Кеш барысында ақтық сынға өтіп, бақ сынаған 7 үміткерлерден  Бас жүлдені Орал қаласынан келген Ораз Фархад Беркінұлы қанжығасына байласа, І орынды Алматыдан келген Серік Адай иеленді. Ал, ІІ орынды Астана қаласынан Қоныс Дарменбайұлы мен Қызылордалық Күнсұлу Түрікпенқызы бөліссе,ІІІ орынды Маңғыстаулық Темірбек Ерсайынұлы,  Алматы қаласынан Жасұлан Тұрғазыұлы мен Атыраулық Ідірбай Байбақты иемденді.

Аталған байқауда  әділқазылар Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі айтыскер әрі танымал ақын – Бауыржан Ергенұлы, Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші, жыршы-термеші – Айгүл Иманқұлқызы Елшібаева,Атырау облысы әкімдігінің Дін істері басқармасы бөлім басшысы – Ізғалиев Мұхтар Шарапиденұлыбақ сынасатын жыршыларымыздың аяқ алысын әділ бағалап, төрелік  етті.

Сонымен қатар шара барысында дінаралық татулық пен төзімділіктің қазақстандық үлгісін насихаттау, қоғамда діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуының алдын алу, дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың жат пиғылын әшкерелеу мақсатында «Экстремизмге жол жоқ!» атты облыстық баннерлер байқауының үздік танылған  жеңімпаздары да  марапатталды.  Бас жүлдені Төкешов Алтынбек Қарашаұлы иемденсе,                       І орын Төкешов Нұрлыбек Қарашаұлы,  ІІ орын Жақсылықов Сырым Жолдасұлы,  ІІІ орын Асханов Бахтияр Абдубакірұлына бұйырды.

 

Осылайша, өз мәресіне жеткен шара соңында әсем ән, жыр-термелер айтылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  

Жоғарыға