Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Тәуелсіздік күніне орай имамдар марапатталды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай жылдың үздік имамдары марапатталды.

«Ақ Жайық» қонақ үйінің мәжіліс залында өткен салтанатты жиынды Басқарма басшысы Қайролла Дүйсешұлы және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы Айбек Асқарбекұлы жүргізіп, «25 үздік қызметкер» номинациясы бойынша «Мәңгілік ел» идеясын нығайтуда және дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттауда қосқан үздік үлесі үшін бір топ дін саласы қызметкерлерін облыс әкімінің орынбасары Ә.Нәутиевтің атынан  «Алғыс хатпен»  марапаттады.

Олардың қатарында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, қалалық «Құспан молда» мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров, «Әт-тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов, сондай-ақ, аудандық Зинеден Құрасұлы» атындағы мешіттің бас имамы Қ.Бақтығұлов, «Темірәлі» мешітінің бас имамы Н.Жарқымбаев, «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Е.Қамзағалиев, Махамбет селолық мұсылмандар мешітінің бас имамы М.Қожахметов, «Мақат аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Д.Құттыбаев, «Жылыой мұсылмандар» мешітінің бас имамы А.Исаев,  «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтановтар бар.

Айтулы мереке қарсаңында облыс басшылығы тарапынан қошаметке ие болған әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, еңбектеріне жеміс, істеріне береке тілейміз!

 

 «Иманғали» орталық мешітінің

 

баспасөз қызметі

 

Жоғарыға