Иманым – асыл байлығым
18-желтоқсан күні «Иманғали» орталық мешіті әйелдер жамағатының ұстазы, жас маман Зарина Шамидоллақызының ұйымдастыруымен «Иманым – асыл байлығым» атты рухани кеш өтті. Кешті ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша Әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Айжарқын Түзелова ашып, шара жұмысына сәттілік тіледі.
Кеш барысында сауат ашу курсының шәкірт қыздары жан тазалығы, иман байлығын дәріптейтін танымдық-тағылымдық мәні зор қойылымдар қойып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі