Білімдімен білімсіз тең емес
Адамзат баласының жаратылу мақсаты өзін жаратқан хақ тағалаға құлшылық ету десек, оның мәйегі – ілім-білім. Білімнің өзі дүниелік, ақыреттік деп екіге бөлінеді. Әрине, дүниелік білімді жоққа шығара алмаймыз. Десек те, адам баласы үшін дүниелік білімді нұрландырып, тәрбиесін кемелдендіріп тұрар ақыреттік білімнің хайырлы екені – ақиқат.
Осы орайда «Иманғали» орталық мешітінің жанындағы екі айлық сауат ашу курсын тәмәмдаған бір топ шәкірт қараша айының аяғына таман алып «Куәлік» алып шықты. Солардың қатарында «Мәулімберген» мешітінің жамағаттары Бауыржан Жақанов пен Тұрар Хатимуллиндер бар болатын.
Жақында мешіт имамы Мақсот Бағытжанов аталған екі жамағатқа «Куәліктерін» табыстап, ақжол тіледі. Ақсақалдар ақ баталарын берді.
Жаратқан иеміз дінімізге қуат, жүзімізді шат-шадыман шуаққа толтырсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Әумин!
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі,
«Мәулімберген» мешіті