Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Дінтанушы колледж студенттерімен кездесті

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Желтоқсанның 21-і күні ҚМБД-ның Атырау облысы бойынша жастар секторының жетекшісі Арман Урумбаев қаладағы APEG мұнай колледжінің студенттерімен кездесті.

Жиын барысында А.Урумбаев Ислам дінінің ұлттық салт-дәстүрімізбен сабақтастығы, ардақты Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінің тәлім-тәрбиелік мазмұны туралы уағыз айтып, «Пайғамбарымыздың хадистерінен тағылым алып, көркем мінез иесі атанудың қажеттілігі өте зор. Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиетінің қазақ халқының ежелден келе жатқан даналығымен ұштасып жатқанын ұмытпауымыз керек», - деп студент  жастарды діни сауаттылыққа шақырды.

Кездесу соңы еркін пікірталасқа ұласты.

Студенттер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі  

Жоғарыға