«Дина» сауда орталығы намазханасында кездесу болып өтті
«Дина» АҚ-ы сауда орталығы намазханасының ұйымдастыруымен жамағатпен кездесу өтті. Кездесуге Ахмет Абдулазиз Зәйд Абдулазиз ұстаз бен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қоры директорының орынбасары, теолог Қанат Жұмағұл қатысып, ардақты «Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сүйіспеншілік» тақырыбында уағыз айтты.
«Анық ақиқат Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) – Алла тағаланың ең сүйікті пайғамбары, адамзатты тура жолға бастайтын қасиетті Құран-кәрімді сый еткен тұлға. Кісілік болмысы Құраннан тұратын ең ғажап көркем мінез иесі. Сондықтан ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеге келген Мәуліт мерекесін ұлықтап, Оның (с.ғ.с.) құрметіне салауаттар айту – біздің асыл дінімізде мақұлданған сүннет», – деді Қ.Жұмағұл өз сөзінде.
Жиын соңы сұрақ-жауапқа ұласып, еркін пікір алмасылды.
Мұнархан Шәпенұлы,
«Дина» сауда орталығы
намазханасының имамы
